Егер сіз айына 250 доллардан астам жалақы алсаңыз жер шары тұрғындарының 80 пайызынан дәулеттірек өмір сүреді екенсіз. Ерте замандардың өлшемімен алғанда мұндай табыс корольдер мен патшалардың түстеріне де кірмеген. Мәселен, Францияның королі Людовик ХІV бүкіл ғұмырында екі-ақ рет жуынған, онда да дәрігерлердің нұсқауын орындауға мәжбүр болғандықтан, хирургиялық операциялар мейлінше антисанитарлық жағдайларда жасалған, ол аз десеңіз, тістің сау, бүтін болуы төменгі сословиенің белгісі болып есептелген.
Қазақ осындай жағымсыз қасиеттерден қашан арылар екен? Аты «қазақтарды» меншіктеуге ұмтылу өзін айналасына, басқаларға мойындата алмай жүргендердің тірлігі. Әлсіздердің әрекеті. Жетістіктерімен тәмам жұртты таңғалдырып жатқан жан болса, оның қазаққа қатысы бар-жоғын түгендеп, ата-бабасының, болмаса анасының арғы тегін қазбалап, қазаққа әкеліп телуге жанталасып бағамыз. Құдды содан қазақтың абыройы асқақтап, төрткүл дүние алаштың аяқ астында жататын секілді.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2018
Балалар туризмін дамыту маңызды
Қазір қай сауда орталығына барсаңыз да қаптаған балалар әткеншектері орналасқан алаңды немесе қабатты көресіз. Әрине, қала тұрмысында мұндай орындардың болғаны ата-аналар үшін қолайлы. Бірақ бұл ойын алаңдары жабық ғимараттарда орналасқандықтан жеткіншек денсаулығына кері әсері барлығын ата-аналардың барлығы байыптай бермейді. Өйткені онда ауа айналымы аз, ал келуші саны көп. Санитарлық талаптардың сақталуы да әркелкі. Бұл алаңдар – ең алдымен табыс көзі, яғни қалтаны қағады. Осындайда елімізде балалар туризмінің жеткілікті деңгейде дамымай отырғаны ойға оралады. Өйткені балаларды таза ауа аясындағы түрлі саяхаттарға, туристік нысандарға жібергенге жететін дүние жоқ. Кеңестік кезеңде оқыған буынның көпшілігі ымырт үйіріле алқақотан отырып, ортаға от жағатын жазғы лагерлерді ұмытпаған болар, сірә...
Бағдарламалар • 28 Ақпан, 2018
Әлемдегі 20 елдің қатарында Қазақстан да «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қабылдап, жүзеге асыруды қолға алғаны мәлім. 2021 жылға дейінгі аралықты қамтитын бағдарлама экономиканың түрлі салаларын, электронды үкімет, агросектор, көлік, энергетика, білім беру, кәсіпкерлік, қауіпсіздік саласы және өзге де жүйелерді қамтиды.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2018
Қостанайда «Автоураган» жүйесі арқылы жол ережесінің үш мың рет бұзылғаны анықталды
Облыс орталығында 25 ақпанда сегіз «Автоураган» апппараттық-бағдарламалық кешені орнатылған болатын. Полицейлердің бұл жаңалығы жылдамдықты өсіруге қатысты ереже бұзушыларды сол сәтінде анықтап берді.