Ауыр атлетика • 28 Ақпан, 2025
Светлана ПОДОБЕДОВА: Қиындықта қолдаған халқыма ризамын
Ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы, жазғы Азия ойындарының чемпионы, Азия құрлығының үздігі Светлана Подобедова бүгінде Астана қаласында фитнес жаттықтырушы ретінде шәкірттер тәрбиелеп жүр. Даңқты спортшының қазақ еліне айтар алғысы шексіз.
Қоғам • 28 Ақпан, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы Қарағандыдан басталды десе болатындай. Ақсақалдар кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған «Адал азамат» жобасы Ассамблеяның 30 жылдығы мен Жұмысшы мамандықтары жылына орайластырылды. Жақында Достық үйінде жоба жеңімпаздары марапатталды. Енді бұл байқау Қарағандының тәжірибесімен басқа өңірлерде де өтеді.
Шымкент • 28 Ақпан, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 30 жыл толады. Осы уақыт аралығында ұйым елімізде этносаралық татулықты сақтауда іргелі істерге ұйытқы болып жүр. Бірліктен асқан байлық жоқ. Бұл – Ассамблеяның ұраны. Осы бірліктің арқасында еліміз гүлденіп, дамып келеді.
Қоғам • 28 Ақпан, 2025
Қайырымдылық жобасы – көш басында
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Ақ Мерген» қоғаммен байланыс саласындағы XII отандық сыйлықпен марапатталды. Қордың «Charity Samruk Marathon – 2024» жобасының нәтижесі мен коммуникациялық стратегиясы үздік бағаланып, «Қайырымдылық» аталымында алға озды. Мәртебелі сыйлық биыл 12-рет ұйымдастырылып отыр. Қоғаммен байланысты нығайтуға бағдарланған беделді байқаудың мақсаты – отандық PR нарығын дамыту.
Өндіріс • 28 Ақпан, 2025
Тұрмыстық химия өндірісінің табысы
Ел көлемінде жүз шақты кәсіпорын сусабыннан бастап тұрмыстық химия өнімдерінің жүздеген түрін шығарады. Жақында солардың біріне барып, өндірісті өз көзімізбен көріп қайттық.