Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
ҚазҰУ-да 5 жаңа жатақхананың құрылысы басталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қалашығында студенттерге арналған 5000 орындық жаңа жатақханалар құрылысының капсуласын салу рәсімі өтті. Тоғыз қабатты 5 жаңа жатақхана ҚазҰУ қалашығы құрылысының II даму жоспары аясында бой көтереді, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 31 Желтоқсан, 2025
Алматыда археологиялық көрме ашылды
Ұлттық Орталық музейде «Дала өрнектерімен өрілген металл бұйымдар» атты көрме ашылды. Музейдің археология қорынан алынған артефактілер көшпелі және қалалық мәдениеттің материалдық, рухани дәстүрлерінің әр қилы аспектілерін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 31 Желтоқсан, 2025
2025 жылы Google-дан ең көп ізделген сұрақтар қандай?
Google компаниясы 2025 жылдың ең танымал іздеу сұраныстарының рейтингін жариялады. Биыл қолданушылар жасанды интеллект, ірі спорттық жарыстар және жаңа iPhone туралы ақпаратты жиі іздеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2025
Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Жиында қаладағы ауа сапасын жақсарту мәселесі талқыланды. Шаһар әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев атмосфералық ауаны қорғауға арналған жаңа ережелер аясында Алматы мен оның жекелеген аумақтарына ақылы кіру тәртібін енгізу жоспарланбағанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 31 Желтоқсан, 2025
Бестеректегі төрт баланың өліміне себепкер болған жүргізуші 9 жылға сотталды
Абай облысында төрт баланың өмірін қиған қайғылы жол апатына кінәлі жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты. Сот 55 жастағы ер адамды 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.