Жастар • 26 Желтоқсан, 2025
«Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафоны өз мәресіне жетті
Астана қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафонының жабылу салтанаты өтті. Тағылымды іс-шара Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
2025 жылы қандай қайғылы оқиғалар болды?
2025 жылы қоғамға ауыр әсер еткен оқиғалар аз болмаса керек. Адам өлімімен аяқталған ірі жол-көлік апаттары (ЖКО) жиіледі. Кейбір өндіріс орындарында адам өліміне әкелген апаттар тіркелді. Сонымен қоса, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық оқиғалары да болды және жастар арасында суицид оқиғалары тіркелді. Бұның бәрі әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, психологиялық қолдау салаларын күшейту қажеттігін көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 26 Желтоқсан, 2025
Қазақстан цифрландыру бойынша халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтты
Үкімет қызметінің 2025 жылдағы қорытындысын шығару шеңберінде Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев саланы дамытуға қатысты баспасөз мәслихатын өткізді. Бүгінде еліміз жасанды интеллектіні ауқымды енгізу және цифрлық экономиканың негізгі көрсеткіштерінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету арқылы жетекші цифрлық держава мәртебесін нығайтып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 26 Желтоқсан, 2025
Атырауда азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған ірі логистикалық орталық ашылды
Атырау облысында заманауи агрологистикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды жоба – ITC WEST логистикалық орталығы өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев қатысып, ұжымды құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Театр • 26 Желтоқсан, 2025
Алматыда «Көбелек» балет-ертегісінің премьерасы өтті
А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқу театрында Жак Оффенбахтың музыкасына жазылған бір актілі «Көбелек» балет-ертегісінің премьерасы өтті, деп жазады Egemen.kz.