Төтенше жағдай • 26 Желтоқсан, 2025
Алматы тауларында үш адам жоғалды: бір адамның мәйіті табылды
26 желтоқсанда Алматы қаласы ТЖД-ның 112 пультіне әйел адамнан хабарлама келіп түсті. Оның айтуынша, ағасы екі досымен бірге 24 желтоқсан күні таңертең тауға шығып, қайтып оралмаған. Жоғалған азаматтардың ұялы телефондары 12 сағаттан астам уақыт бойы өшірулі болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Желтоқсан, 2025
ШҚО мен Абай облысындағы 6 жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды
26 желтоқсан сағат 18:00–дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыстағы 6 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 26 Желтоқсан, 2025
Президент «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы» заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2025
Үздік–2025: Дастан Сәтпаевқа «Спорттағы жыл серпіні» атағы берілді
Туризм және спорт министрлігі 2025 жылдың қорытындысы бойынша саладағы үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды, мамандарды, спорт ұйымдары мен сала өкілдерін марапаттау мақсатында «Үздік – 2025» республикалық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімін өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Ұлттық банк алаяқтардың жаңа әрекеттері туралы ескертті
Қазақстан Ұлттық банкі жалған құжаттарды пайдалана отырып жасалатын, яғни теріс пиғылды адамдардың өз «өкілеттіктерін» растау үшін «ресми бланкілердің» немесе «қызметтік куәліктердің» жалған түрлерін пайдаланатын алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткенін ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz.