Жасанды интеллект • 27 Желтоқсан, 2025
ЖИ стартабын қалай құруға болады?
Бүгінде жасанды интеллект технологиялары жаһандық экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналды. Сарапшылардың бағалауынша, 2030 жылға қарай жасанды интеллект нарығының көлемі 1 триллион АҚШ долларына жетпек. Бұл – технологиялық компаниялар үшін ғана емес, кәсіпкерлерге де өз жобасын нарыққа ұсынуға берілген мүмкіндік. Алайда осы мүмкіндікті бизнеске айналдыру идея айтудан әлдеқайда күрделі іс. Елімізде ЖИ-стартаптарды құрудың қандай жолы бар, қалай дамыту қажет деген сауалдардың жауабын оқырман назарына ұсынамыз.
Digital • 27 Желтоқсан, 2025
Цифрлық дәуірдегі ақпараттық иммунитет
Қазіргі ақпараттық ағында манипулятивті контенттің қаупі басым. «JastarX» жобасының биылғы қорытынды диалогі жас буынның цифрлық дәуірдегі қауіпсіздігіне арналды. Ұлттық музейдегі басқосуда Мәжіліс депутаттары, сарапшылар, медиаменеджерлер мен психологтер бой көрсетті.
«Таза Қазақстан» • 27 Желтоқсан, 2025
Қоршаған ортаны көркейтетін экологиялық бағдар
Елімізде экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау мәселесі кейінгі жылдары мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтарының біріне айналды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Экология және табиғи ресурстар министрлігі әзірлеген «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы осы бағыттағы жүйелі әрі ұзақмерзімді жұмыстың негізі болып отыр.
Инфографика • 27 Желтоқсан, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды тұрақты даму мақсатында Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. Осыған байланысты биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан Ұлттық ұйымдастыру комитеті құрылды.
Абай • 27 Желтоқсан, 2025
Ұрпаққа аманатталған асыл мұра
Ғалымдар Абайтанудың 136 жылдық (1889–2025) тарихын үш кезеңге бөліп, саралайды. Олар: Абайтанудың М.Әуезовке дейінгі кезеңі (1889–1934), осы ілімнің негізін салу жолындағы М.Әуезов кезеңі (1934–1961) және одан кейінгі ғылыми талдаулар мен ізденістер кезеңі. Ұлы ақын шығармашылығын зерттеу кезеңдерінің Мұхтар Омарханұлының есімімен «үкіленуі» Абайтанудың іргетасын қалап, оның «ығы зор» панасы болған ғұламаның тума таланты мен қажыр-қайраты тұрғысынан әбден заңды.