Өнер • 27 Желтоқсан, 2025
Қазақ аспанын қақ жарып, Қызылорда, Жезқазған даласын жүректі жарардай солқ еткізіп, Байқоңырдан алып ғарыш кемелері мен зымырандар ұшырылып жатса да жердің иесі, елдің егесі қазақ халқына ешқандай қатысы жоқтай көрінетін. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана Байқоңыр мен сол аумақтағы елді мекендерді дамыту қолға алынды. Байқоңырдың атауы да тек 1995 жылы қайтарылды, оған дейін Ленинск деп аталатын.
Заң мен Тәртіп • 27 Желтоқсан, 2025
Лудомания: Заңның жауапкершілігі бәрімізге ортақ
Лудоманияның себебі мен салдарын саралап, зардабын зерделейтін болсақ, оның бір ғана адамның басына түскен бақытсыздық емес екенін көреміз. Бұл – тұтас бір отбасының тағдырын талқандайтын, тіпті, бүтін бір әулеттің берекесін қашырып, ет жақындарының жүйкесін жұқартатын, қала берді ұлттың болашағына балта шабатын қоғамдағы қауіпті әлеуметтік дерт.
Спорт • 27 Желтоқсан, 2025
Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің көрме залында өткен салтанатты жиында спорт саласы бойынша жыл үздіктері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Басылым • 27 Желтоқсан, 2025
Тобыл-Торғай күйлерінің топтамасы
Арқалықта «Тобыл-Торғай күйлері» деген атпен жарыққа шыққан жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Жинақты бірнеше жыл бойы архив ақтарып, ел аралап, көнекөз күйшілермен кездесіп жүріп құрастырып шыққан – өлкетанушы ғалым Батырлан Сағынтаев пен музыка зерттеуші Ермек Қазмұхамбет. Құрастырушылар Тобыл-Торғай күйшілік мектебіне телініп жүрген 150-ден астам күй тапқан. Жинаққа содан іріктеліп алынған 80 күй еніп отыр. Оның ішінде 11 халық күйі, 69 авторлық туынды бар.
Заң мен Тәртіп • 27 Желтоқсан, 2025
«Қуырдақтың көкесіндей» қаржылық қитұрқы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында: «Заң мен тәртіп» қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі. «Заң мен тәртіпке» бағынбасақ, құқық нормаларына құрметпен қарамасақ, Әділетті Қазақстанды құрып, оны өркендеген мемлекет ете алмаймыз», деген еді. Бұл ретте, әсіресе халыққа адал қызмет етуге ант берген мемлекеттік қызметшілерге жүктелетін жауапкершілік зор. Алайда еліміздегі мемлекеттік органдардың бәрінде бірдей заң үстемдігі орнап, темірдей тәртіп жолға қойылды деуге әлі ерте.