Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Астанада құрылыс компаниясының қызметкерлері 7,9 млрд теңге жымқырған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Qyran» тұрғын үй кешенінен ақша қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған құрылыс компаниясының қызметкерлерін тексеріп жатыр. Алаяқтық нәтижесінде азаматтар мен компанияға жалпы 7,9 млрд теңге шығын келтірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның туристік сақтандыру нарығында өсу көрсеткіші байқалды
Туристік сақтандыру нарығы дүниежүзінде тұрақты өсіп жатыр. Бұл динамикаға халықаралық сапарлардың артуы, сақтандыру саласына цифрлық шешімдердің енгізілуі және туристер полистерді онлайн рәсімдейтін платформалардың кеңеюі әсер етіп отыр. Мемлекеттік құрылымдар мен туроператорлардың саяхат кезінде сақтандыруды негізгі қорғаныс құралы ретінде жиі ұсынуы да сұранысты арттырып отыр. Қазақстанда да туристік сақтандыру нарығы өсіп келеді, бірақ сегменттің үлесі небәрі 1%, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Украинаның КТК-ға шабуылы: Ахуалға байланысты сарапшылар не айтады?
Бірер күн бұрын Украина тарапы кезекті рет Каспий құбыр консорциумына (КТК) шабуыл жасады. 29 қараша күні, Астана уақыты бойынша таңғы сағат 06:00-де Новороссийск қаласында орналасқан порт ауданындағы теңіз инфрақұрылымына ұшқышсыз құрылғылар шабуылдаған. Салдарынан айлақтағы тиеу қондырғысы (АТҚ-2) істен шығып қалды. Танкерлер терминал акваториясынан тыс жерге шығарылған. КТК арқылы Қазақстан өз мұнайының 80%-ын экспорттайды. Әрине, геосаяси жағдай ушыққан 2022 жылдың ақпанынан бастап мемлекет мұнай тасымалын әртараптандыру жолдарын қарастыруға кірісті. Алайда КТК сияқты алпауыт құбырды кез келген тасымал жолы оңайшылықпен алмастыра салмайды. Бұл – түсінікті жәйт. Украина шабуылына қатысты әуелі Қазақстан Сыртқы істер министрлігі, одан соң Украина Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.
Есірткі • 01 Желтоқсан, 2025
«421 мың тонна прекурсор анықталды»: Қазақстанда 1000-ға жуық ұйым тексерілді
Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы прекурсорлардың заңды айналымын бақылау мақсатында 981 ұйымға тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Kaspi.kz түркиялық банкті сатып алуға қатысты мәмілені кейінге қалдырды
Kaspi.kz түркиялық банкті сатып алуға қатысты мәміленің аяқталу мерзімін 2026 жылдың ортасына дейін шегерді, деп хабарлайды Egemen.kz.