Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
14 жыл ішінде Алматы метрополитені неше миллион жолаушыны тасымалдады?
Алматы метрополитенінің іске қосылғанына бүгін 14 жыл толып отыр. Жолаушылардың қауіпсіз, қолайлы әрі жылдам жүруін қамтамасыз етіп келе жатқан метрополитен осы уақыт ішінде қаланың негізгі көлік түрлерінің біріне айналған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Шымкентте есірткі жасырушының әрекеті дрон арқылы әшкере болды
Шымкенттік полицейлер дронның көмегімен есірткіні жасырын қойып кеткен күдіктіні қолға түсірді. Ер адам рейдтік іс-шара барысында есірткі салынған түйіншектерді тығып жатқан кезінде көзге түскен, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Инфляция деңгейі 12,4%-ға дейін төмендеді
Ұлттық статистика бюросының есебінше, қарашадағы айлық инфляция деңгейі 0,8% болды. Азық-түлік тауарларының ішінде қырыққабат 2,5%-ға, сәбіз – 2%-ға, қызылша – 1,4%-ға, қант – 1,3%-ға, апельсин – 1%-ға, күріш – 0,5%-ға арзандаған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Енді мүгедектікті анықтау үшін ЖИ қолданылуы мүмкін
Мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу барысында қолданылатын жасанды интеллект (ЖИ) моделін әзірлеу жұмысын – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізіп жатыр. ЖИ енгізу рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Неліктен бұдан былай кредиттер бірден берілмейді?
30 қыркүйектен бастап Қазақстанда онлайн рәсімделетін кепілсіз тұтынушылық қарыздар үшін жаңа міндетті тетік іске қосылды. Енді қарыз шартына қол қойылғаннан кейін қаражат бірден берілмейді – қарыз алушы белгілі бір уақыт күтіп, осы шешімін қайта растауы қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.