Оқиға • 02 Желтоқсан, 2025
«24 млн теңге»: Павлодарда полиция зейнеткерді алаяқтардан құтқарып қалды
Павлодарда белгісіз адамдар өздерін энергетикалық орталықтың қызметкері ретінде таныстырып, зейнеткерге қоңырау шалған. Зейнеткер есептегіштердің тексерілуі туралы әңгімеге сеніп, сілтемелер бойынша өтіп, алаяқтарға 24 млн теңге аудармақ болған, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 02 Желтоқсан, 2025
Нанкинде «Янцзы дельтасы – Орталық Азия 2025» форумы өтті
Қытай Халық Республикасының Цзянсу провинциясындағы ежелгі Нанкин қаласында «Янцзы өзенінің дельтасы – Орталық Азия 2025» мәдениет және туризм таныстырылымы өтті. Ауқымды шара Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай арасындағы өңіраралық ықпалдастықты күшейтіп, жаңа Жібек жолының қазіргі заманғы бейнесін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Оқиға • 02 Желтоқсан, 2025
Алматы-Бішкек тас жолында ірі апат болып, жеті адам қаза тапты
Алматы-Бішкек тас жолының 129-шақырымында жеңіл көлік жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысып, салдарынан жеті адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Желтоқсан, 2025
Orda.kz бас редакторы Гүлнар Бажкенова екі айға қамауға алынды
Тергеу соты ORDA басылымының бас редакторы Гүлнар Бажкенованы үй қамаққа алуға санкция берді. Бұл туралы әлеуметтік желіде редакция адвокаты Мұрат Адам хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Шымкентте рұқсатсыз салынған бір тойхана жабылды
Шымкентте құзырлы органдар «Shinar» тойханасын жауып тастады. Оған себеп тойхана иесі құрылыс талаптарын өрескел бұзған. Заң ережесінің сақталмағандығын қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізу барысында анықтаған. Аталған салтанат сарайы Шымкентке қарасты Сайрам тұрғын алабы, М.Жалил көшесі бойында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.