Оқиға • 01 Желтоқсан, 2020
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонынан бастау алады. NIS-тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлері орындалады.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2020
Мемлекеттік қызметте кадрлық әлеует маңызды
Атырау облысында Тұңғыш Президент күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – «Ұлт көшбасшысы және заманауи мемлекеттік аппараттың келбеті» атты ғылыми-тәжірибелік конференция. Онлайн форматтағы басқосуда облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов аталған конференцияның маңызына тоқталды.
Елбасы • 01 Желтоқсан, 2020
Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы Қазақстан Магниткасының от-жалын атқан домнасынан басталғаны туралы талай кітап жазылып, мақалалар жария болды. Әлі де жазыла бермек. Өйткені қарапайым горновойдан егемен еліміздің алғашқы басшысына дейін жүрген жолы, алып империяның шаңырағы шайқалғанда қолына дербестік туын берік ұстап, халқын салиқалы саясатының арқасында нарықтық экономика жолына бағыттай білген ерен еңбегі бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болуы тиіс. Елбасы феномені әлі талай оқулыққа еніп, аты аңызға айналары даусыз. Сондықтан биыл Теміртауда өткізілген біраз шарада, атап айтқанда Қазақстан Магниткасының 60 жылдығы мен Теміртау қаласының 75 жылдығында осы қаладан түлеп ұшқан әлемдік масштабтағы қайраткердің көшбасшылық қасиеті жан-жақты әңгіме болды.
Руханият • 01 Желтоқсан, 2020
Халқымызда «Жақсыға қарап бой түзе» деген қанатты сөз бар. Менің ойыма осы тәмсіл жиі оралады. Біздің азаматтық тұлғамыз, саяси көзқарасымыз халық ардақ тұтқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дара тұлғасынан, кемел ісінен үлгі алуымызбен қалыптасты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті жанында жүріп қызмет істеуім менің де өмірге деген көзқарасым мен азаматтық тұлғама, саяси тұрғыдан шыңдалуыма әсерін көп тигізді.
Елбасы • 01 Желтоқсан, 2020
Түркі руханиятының архитекторы
Түркі әлемі адамзаттың тарихи-мәдени мұрасында маңызды орын алады. Ол адамзат руханиятының, өркениетінің негізі, орталығы. Түркілердің өркениетке қосқан үлесі орасан. Сол себепті іргелі зерттеу мен айрықша назар аударуды қажет етеді. Түркі өркениетінің негізгі идеялары мен жаһандық өркениеттегі, тарихтағы рөлі Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Дала мұрасы» кітабында ерекше аталып өткен.