Ауыл • 02 Желтоқсан, 2021
Әкімі қандай болса, ауылы да сондай
Ақтөбе облысында елді мекендерді кешенді түрде дамытуға арналған «Абаттандырылған ауыл» қанатқақты жобасы қолға алынды. Бұл – ел Үкіметі қолға алған «Ауыл – ел бесігі» стратегиялық жобасының өңірдегі жалғасы болып қана қоймай, бәсекеге қабілетті елді мекендердің қатарын көбейту мақсатында қолға алынған тың бастама.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2021
Күздің қара суығы түсісімен-ақ қараша халықты қалың ойға жетелейтін көп сұрақтың бірі осы. Құзырлы органдар «көмір бағасы көтерілмейді» деп сендіргенімен, түпкілікті тұтынушыға баратын отынның құны қашанда бас айналдырады. Міне, бұл жолы да Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баға тұрақты болады деп ресми мәлімдеме жасады.
Экономика • 02 Желтоқсан, 2021
Кәсіпті нәсіп еткендер – елге құт
Тәуелсіздік алғалы ел саясатының басым бағытының бірі бизнесті қолдау болып келеді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан – ТМД мемлекеттері арасында алғаш болып кәсіпкерлерге жүйелі түрде қолдау көрсетіп келе жатқан ел. Елбасы 1992 жылдың 5 мамырында Қазақстанда алғаш рет кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 1992-1994 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын мақұлдады, шілде айында «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» заңға қол қойылды. Осылайша, Тұңғыш Президенттің бастамасымен орта және шағын кәсіпкерлікке қолдау көбейіп, қолайлы жағдай жасала бастады.
Білім • 02 Желтоқсан, 2021
Студент – қаржы түсірудің көзі емес, тәрбиеленуші тұлға
Біз жоғары білімді жастарға болашақта ел экономикасының тізгінін ұстайтын, қоғамымызды алға бастыратын күш ретінде үмітпен қараймыз. Еліміздің бірлігін, ұлтымыздың мәдениетін, ана тілімізді, халқымыздың дәстүрлерін дәріптеп, жалғастыратын да солар.
Қазақстан • 02 Желтоқсан, 2021
Жерімізді қорғау – ортақ борышымыз
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жария еткен «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттары – ұлтымыздың қазіргі жан-жақтан қауіп-қатер төндіріп тұрған жаһандану сынды жеті басты айдаһардың өңешіне жұтылып кетпей, «Мәңгілік ел» болуы үшін жас ұрпақтың қолына ұстатқан қуатты жеті қару іспетті.