Спорт • 07 Желтоқсан, 2021
Қарсыласы – әйгілі Кэти Тейлор
Үстіміздегі жылдың соңғы айында әлемнің бірқатар мемлекеттерінде кәсіпқой бокстан ірі жарыстар ұйымдастырылады. Аталған бәсекелердің біразында біздің өрендер де өнер көрсетеді. Солардың арасындағы ең маңыздыларының бірі – 12 желтоқсан күні Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтетін бокс кеші.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2021
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өткен жылы Қордай ауданының Отар ауылында болып, тұрғындармен кездескен болатын. Мұнда жергілікті жұртшылық көптеген мәселемен қатар, ауылға Мәдениет үйі мен спорт кешенінің қажеттілігі туралы айтқан еді. Сондай-ақ ауылдықтар облыс басшысынан газ мәселесін шешіп беруді де сұраған. Бұл ретте Б.Сапарбаев тұрғындардың өтініші жерде қалмайтынын айтып, бұл бағыттағы жұмыстар жедел қолға алынатынын жеткізген. Нәтижесінде, Отар ауылына газ тартылып, спорт кешені ашылды.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2021
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетілуде
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы «Мамыр» бағында орналасқан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Асар» оңалту орталығына барып, «Шапағат» корпоративті қорына мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасуға арналған «Инватакси» автокөліктерін тапсыру рәсіміне қатысты.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2021
Газ бен ауыз су тартылып, көшелер жарықтандырылады
Жамбыл облысында бүгінде атқарылып жатқан шаруалар аз емес. Мұндай жүйелі жұмыстар легі келесі жылы да жалғасын табатын болады. Nur Otan партиясының облыс мәслихатындағы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысында көптеген мәселе талқыланып, тиісті шешімдер шығарылды. Жиында партияның 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол карталарының орындалу барысы қаралды.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2021
Былтыр Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен аймақта «Асарлатып үй салу» жобасы қолға алынған болатын. Нәтижесінде, аталған бастама өңір тұрғындары тарапынан да қызу қолдау тауып, көптеген мұқтаж отбасы баспаналы болып жатыр.