Пікір • 01 Желтоқсан, 2022
Күні кеше сайлау қорытындысы шығып, дана халқымыз өзінің конституциялық құқығын пайдалана отырып, дұрыс таңдау жасағанына қуанып жатырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне деген халықтың сенімі – ең құнды нәрсе екенін айтып, алғысын білдірді. Ал еш дарақысыз, қарапайым өткен ұлықтау рәсімінде Президент сайлауалды бағдарламасында берген уәделерін орындау үшін бірден жұмысқа кірісу керек екенін айтты.
Бизнес • 01 Желтоқсан, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде қазір той тойлайтын уақыт емес, бірден іске көшу керек екенін айтты. Бірқатар бастаманы да жұрт назарына ұсынды.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2022
Қоқыс мәселесі қалай шешіледі?
Биыл елімізде заңсыз 5 723 қоқыс орны анықталды. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 21,9 пайызға азайған. Әрі қалдық үйінділерінің 3 500-ден астамы жойылыпты. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегінше, республика бойынша рұқсат етілген 3 мыңға жуық қоқыс полигоны бар. Десе де, оның 21 пайызы ғана экологиялық және санитарлық нормаларға сай. Демек елімізде қоқыс мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2022
Астана қаласының тұрғын алабтарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету өте өзекті. Халық тығыз қоныстанған елордадағы интернет сапасы туралы Астана қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы Цифрландыру бөлімінің бас маманы Ғани Бақдәулет баяндап берді.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2022
«Amanat» партиясының Саяси менеджмент академиясында Жас саясаткер мектебі ашылды. Бағдарлама қатысушыларының алдында сөз сөйлеген партия хатшысы Дәулет Кәрібек жоба жастардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.