Пікір • 07 Желтоқсан, 2021
Тұлға тағылымы һәм тәуелсіздік толғауы
Тәуелсіздіктің ордалы отызжылдық белесінде еліміздің әр азаматы бостандықтың қадір-парқы туралы, әлемдік қауымдастықта айшықты орын алған әлеуетті де қуатты мемлекетіміздің қоғамымыздың әр мүшесіне тигізген шапағаты мен шарапаты жайында ой-тебіреніске беріліп, бір сәт толғаныста жүруі табиғи жайт. Өйткені әркімнің азаттықтың арайлы таңы, аспан түстес алып көк туымыздың саясы жайында айтар ойы, сабақтар сыры бар. Әйткенмен осы бір тарихи мезгілде қара орман халқымыз аңсаған арайлы азаттықты сүйіншілеп жариялап, тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын қалаған азаттық архитекторы, Елбасы Н.Назарбаевтың ақжарма лебізін білгісі келетіні анық. Өйткені Елбасы тәуелсіздікті жариялап қана қоймай «отыз жыл бойы халқын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, қайраңға қалдырмай, қатарға қосқан» тұғырлы тұлға екені әмбеге аян.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2021
Бұл сәтті әсіресе шығысқазақстандықтар ұзақ күтті. Олай деп отырғаным, еліміздің тарихи-мәдени орталығы – Семей шаһарындағы идеологиялық тұрғыда әбден ескірген 56 көшенің атауы ауыстырылады. Ең бастысы, қаланы ұзыннан-ұзақ қақ жарып жатқан Н.Морозов көшесі Әлихан Бөкейханның атымен аталатын болды. Еске сала кетсек, бұл мәселе «Egemen Qazaqstan» газетінде «Қарт қалаға қазақы қан жүгірсе...» деген тақырыппен жыл басында көтерілген болатын.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2021
Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволарының өкілдері кездесті
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары қорғаныс ведомстволары жұмыс топтарының үйлестіруші-офицерлерімен отырыс өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 07 Желтоқсан, 2021
Түрмедегі өрттен 38 адам қайтыс болды
Бурунди елінің түрмесінде тұтанған өрт салдарынан 38 адам қаза тауып, 69 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Желтоқсан, 2021
Елордада қар тазалайтын көлік адам басып кетті
65 жастағы астаналықты қар тазалап жатқан шағын көлік басып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.