Үкімет • 08 Желтоқсан, 2021
Азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру маңызды
Мәжілісте «Азаматтық қорғау жүйесін дамыту туралы» атты тақырыпта Үкімет сағаты өтті. Отырысты ашқан Мәжіліс Төрағасының орынбасары Балаим Кесебаева тақырыптың өзектілігін айта отырып, азаматтық қорғау жүйесін одан әрі дамыту халықтың қауіпсіздігін және елдің экономикалық әлеуетін қамтамасыз етудің аса маңызды шарты екенін атап өтті.
Пікір • 08 Желтоқсан, 2021
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда жарық көрген «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын оқып отырғанда бізді осы бір төмендегі ойлар бірден тарих қойнауына жетелеп әкеткендей болды.
Қазақстан • 08 Желтоқсан, 2021
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы кімді болса да бейжай қалдырмайтыны, толғандыратыны, ойына ой қосатыны сөзсіз.
Пікір • 08 Желтоқсан, 2021
Тәуекел мен сенім жүгін арқалаған
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күні кеше жарық көрген «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласы – бастауында өзі тұрған саяси бетбұрыстар мен өзі құрған егемен еліміздің 30 жылдығы қарсаңында тоқпағы мен соқпағы көп өткен кезеңдерді қайыра бір електен өткізіп, осы жылдарда қалыптасқан жаңа буын, жас ұрпақтың жадында жаңғырып тұруы тиіс аманат ретінде жазылғандай әсер қалдырды.
Қазақстан • 08 Желтоқсан, 2021
Жастар тәуелсіздіктің қадірін түсінсе игі
Тәуелсіз мемлекетіміздің 30 жылда жүріп өткен жолы орда бұзар жастағы азаматтың ғұмырымен тең. Осы уақыт аралығында Елбасының атқарған істері, көтерген бастамалары Қазақстанның заманауи жылнамасында ойып тұрып орын аларына шәк келтірмеймін. Тұңғыш Президенттің тағылымды мақаласында, әсіресе, жастар ден қойып, оқитын құнды дүние аз емес.