Ауа райы • 29 Желтоқсан, 2025
Мереке күндері ауа райы 15 градусқа дейін жылынады
«Қазгидромет» синоптиктері еліміздегі суық антициклонды оңтүстіктен келетін жылы циклон ығыстыратынын хабарлады. Болжам бойынша, мереке күндері оңтүстік өңірлерде күн күрт жылынса, орталық аймақтарда жауын-шашын қарға ұласады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Желтоқсан, 2025
Биыл білімге қаржы жинайтындар көбейді
Дәстүрлі мемлекеттік білім беру гранттарымен қатар, жоғары білім алудың жаңа тетіктері де енгізіліп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген ерікті жинақтаушы білім беру жүйесі осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Бұл жүйе 2024 жылдан бастап іске қосылып, ата-аналарға баланың ерте жасынан бастап болашақтағы білім алуына қаржы жинауға мүмкіндік беріп отыр. Жаңа тетік жоғары білімге қаржылық қолжетімділікті арттыруға және білім беру саласын ұзақ мерзімді тұрғыда тұрақты дамытуға бағытталған.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
1 қаңтардан бастап елімізде не өзгереді?
Жаңа жыл табалдырықтан аттаған сәттен бастап еліміздің тыныс-тіршілігінде айтулы өзгерістер болады. Қаңтар айы азаматтар үшін тек демалыс күндерімен ғана емес, құқықтық және экономикалық маңызы бар жаңа ережелермен есте қалмақ. Бұл айда бізді 12 демалыс пен 19 жұмыс күні күтіп тұр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2025
Qarmet-те жаңа буындағы Ахуал орталығы іске қосылды
Қарағанды облысындағы Qarmet металлургиялық комбинатында өндірістік қауіпсіздік пен жедел басқаруға арналған жаңғыртылған Ахуал орталығы пайдалануға берілді. Жаңа буындағы бұл цифрлық платформа тәулік бойы, 24/7 режимінде мониторинг, талдау және қауіпсіздікті басқару үдерістерін бір жүйеге біріктіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
Мария Хаджиева қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Мария Жамаловна Хаджиева Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.