Қоғам • 02 Желтоқсан, 2022
Жылу-электр орталықтары «жылуға» мұқтаж
Екібастұздағы апат есімізді жиғызды. Елеусіз қалып келген үлкен проблемаға бетімізді бұрғызды. Ендігі қадам – апатты жағдайды болдырмайтындай әрекет ету.
Саясат • 02 Желтоқсан, 2022
Апат станса қызметкерлерінің кінәсінен болған
Кеше түстен кейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұзға келді. Техногендік апаттың салдарын жою бойынша облыстық штабтың жұмысын зерделеп, үйлері жылудан ажыраған тұрғындардың мәселелеріне құлақ түрді.
Қазақстан • 02 Желтоқсан, 2022
Ақордадан Елисей сарайына дейін
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға сапары рәміздік тұрғыдан да, экономикалық-саяси тұрғыдан да маңызға ие. Президенттің Еуропаның жүрегі саналатын Парижге ат басын тіреуі Еуропалық одақ пен Орталық Азия арасына салынған көпірдің іргесін нығайта түсті деп айтуға толық негіз бар.
Әлем • 02 Желтоқсан, 2022
Дипломатиялық қатынасты нығайтқан тұлға
Күздің соңғы күні Қытай Халық Республикасының бұрынғы басшысы Цзянь Цзэминь 96 жасында қайтыс болды. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Цзянь Цзэминьді «Қытайдың дамуы мен халықаралық қауымдастықтағы мерейін арттыру жолында риясыз қызмет еткен еліңіздің көрнекті перзенті» деп құрмет көрсетті.
Қаржы • 02 Желтоқсан, 2022
Долларға қатысты сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуына байланысты қазан айында теңгенің биржалық бағамы 1 доллар үшін 465,02-479,05 теңге аралығында өзгерді. Квазимемлекеттік сектордың экспорттық түсімін сату (528,6 млн доллар) және Ұлттық қордан трансферттерді жүзеге асыру үшін шетел валютасын конвертациялау (362 млн доллар) валюта нарығындағы ұсынысқа қолдау көрсеткен. Ұлттық банк валюта нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуына байланысты валюталық интервенциялар жүргізбеді.