Ғылым • 02 Желтоқсан, 2022
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты Камила Егізбек «Ғылым» аталымы бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды. Жас ғалым биомедицина саласы және су ортасын тазарту үшін наноқұрылымды темір бар материалдарды қолдану технологиясын зерттеп жатыр. Ол 15-тен астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде 10 мақала импакт факторы жоғары халықаралық басылымдарда жарияланған. Scopus базасы бойынша 23 жастағы ғалымның Хирш индексі 4-ке тең.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2022
Министрлер балалар басылымына қолдау білдірді
Биылғы баспасөзге жазылу науқанына орай Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ел астанасындағы «Қазпошта» бөлімшесіне барып, бірқатар газет-журналға жазылды. Аталған ведомство басшылары Балалар жылының қарсаңында негізінен балаларға арналған басылымдарға басымдық бергендерін айтты.
Қаржы • 02 Желтоқсан, 2022
Цифрлық теңге қолданысқа енеді
Қазақстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, цифрлық теңге туралы жалған ақпараттар таралып жатыр. Бұл ретте Төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы мұндай алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады.
Бизнес • 02 Желтоқсан, 2022
Бизнесті жарылқайтын бағдарлама
Елімізде шағын, орта және ірі бизнес субъектілері үшін өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландырудың жаңа бағдарламасы іске қосылады. Бағдарлама өңдеу өнеркәсібінің құрылымын одан әрі әртараптандыруға, қайта бөлудің жоғары деңгейдегі тауарларын өндіруді қолдау мен ынталандыруға, сондай-ақ ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесуге бағытталған.
Әлем • 02 Желтоқсан, 2022
Еуропалық одақтың жетекші серіктесіне айналды
Соңғы кездері Еуропа саясаткерлері Қазақстанға жиі келе бастады. Олардың Орталық Азия еліне мұндай бұрын-соңды болмаған қызығушылығының себебі неде және бұл әлемдік саясат үшін нені білдіреді?