Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2025
Ақтоғай ауданында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Ортадересін ауылдық округінде тұрғындар үшін аса маңызды әлеуметтік нысан – жаңа медициналық пункт өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Желтоқсан, 2025
Биыл Президент тапсырмасымен 141 мектеп ашылды
Қазақстандағы мектептердің инфрақұрылымын жаңарту және орын тапшылығын жою жұмыстары шешуші кезеңге өтті. Оқу-ағарту бірінші вице-министрі М. Мелдебекова Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша атқарылған ауқымды істерді баяндап, биыл 141 жаңа білім ордасының есігін айқара ашқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 29 Желтоқсан, 2025
Димаш Құдайберген 2025 жылғы Чехия хит-шеруінің жеңімпазы атанды
Димаш Құдайберген чехиялық «ÓČKO CHART» музыкалық жобасында кезекті мәрте топ жарып, 2025 жылдың жеңімпазы мәртебесін иеленді. Өнерпаз бұл байқауда өзінің екі бірдей туындысымен бақ сынаған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 29 Желтоқсан, 2025
Ғалымжан Кенжебек «Елімай» клубындағы мансабын аяқтады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен семейлік «Елімай» клубының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек Ресей чемпионатында өнер көрсететін грозныйлық «Ахмат» клубына ауысты. Бұл команданы қазір бұған дейін ұлттық құраманы жаттықтырған Станислав Черчесов баптайды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 29 Желтоқсан, 2025
Автокөліктерді қай өңір көбірек өндірді?
2025 жылғы қараша айында 25,8 мың жеңіл автокөлік сатылып, рекорд жаңарып отыр. Оның 7,8 мыңы Қостанайда құрастырылған Chevrolet көліктеріне тиесілі. Одан кейін Hyundai (5,3 мың) және Kia (2 мың) маркалары тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.