Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2025
Тараз горнизонында бес егіз жұп қызмет етеді
Өңірлік «Оңтүстік» қолбасшылығына қарасты Тараз гарнизоны тек жауынгерлік даярлығы мен тәртібімен ғана емес, ерекше құрамымен де көзге түседі. Мұнда бірден бес жұп егіз ағайынды сарбаз мерзімді әскери қызмет атқарып жүр. Олардың әскердегі ортаға тезірек бейімделуі үшін егіздерді бір-бірінен бөлмеу туралы шешім қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
Мереке күндері пойыз бен ұшақ кестесі қалай өзгереді?
Жаңа жыл қарсаңындағы сапарлар әрқашан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Алыс жолға шыққан азаматтарды қамтамасыз ету мақсатында Көлік министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) жолаушылар үшін маңызды шешімдер қабылдады. Мереке күндері әуе рейстері мен пойыздардың саны артып, жаңа буынның вагондары жолға шықпақ. Ең бастысы – халықтың көкейінде жүрген билет бағасының өсуіне қатысты сауалға нақты жауап берілді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Желтоқсан, 2025
240 мыңнан астам ұстаз ЖИ бойынша білім алды
Елімізде мұғалімдерге әкімшілік жүктемені азайту үшін оқу процесіне жасанды интеллект құралдарын жүйелі енгізу басталды. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциясы аясында Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ғалам ғажаптары • 29 Желтоқсан, 2025
Қытайда теңіз бетіне салынған күн электр станциясы пайдалануға берілді
Қытай теңіз бетіне салынған әлемдегі ең ірі күн электр станциясын пайдалануға берді. Құрлықтағы жер тапшылығы мен энергияға сұраныс қатар артқан кезеңде бұл жоба – «күн қуатын» жаңа кеңістікке, яғни ашық су айдынына шығарған ауқымды жоба болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Желтоқсан, 2025
Қазақстан теміржол паркі жаңарады: 2026 жылы 91 жаңа вагон қолданысқа беріледі
Елімізде 2030 жылға қарай 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді. Жоспар бойынша келесі жылдың өзінде 91 жаңа вагон жеткізіліп, бірнеше танымал бағыттар бойынша қатынай бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.