Әлем • 03 Желтоқсан, 2019
Еуропа кеңесінің жаңа басшысы анықталды
Өткен жұмада Брюссельде Еуропа кеңесінің төрағасы ауысты. Бұдан былай бельгиялық Шарль Мишель кеңестің жиынын басқарып, халықаралық аренада ұйым атынан сөз сөйлейтін болады.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2019
«Диалог. Сенім. Болашаққа нық қадам». Дәл осындай атаумен Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай Түркістанда тұңғыш рет жастар форумы өткізілді. Бұл құрылтай жастардың бизнес, өнер және технология саласында өздерін толғандыратын мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік беретін алаң. Сондай-ақ жас белсенділер шаһар әкімі Рашид Аюповпен ашық әңгімелесіп, қаланы дамытуға қатысты ойларымен бөлісті.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2019
«Adal urpaq» клубтарының республикалық форумы
Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны. Бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі – жастар секторы.
Руханият • 03 Желтоқсан, 2019
Ашық сабақтар Елбасы феноменіне арналды
Тұңғыш Президент күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінде өткен көптеген іс-шаралар аясында Елбасы феноменіне арналған «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпыреспубликалық ашық сабақтар ұйымдастырылды. Бұл сабақтардың өскелең ұрпақты тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тұғырнамасындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғалық рөлімен жете таныстырудағы маңызы үлкен.
Экономика • 03 Желтоқсан, 2019
Алматы шаһары үздік жүздікке енетін болады
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ел астанасына келіп, журналистерге мегаполистің биылғы 10 айының қорытындысы бойынша есеп берді. 10 айдың нәтижесі бойынша қала экономикасының барлық саласында оң серпін байқалады.