Футбол • 03 Желтоқсан, 2019
Тарихи табыс – «Астана» атақты «Манчестер Юнайтедті» 2:1 есебімен жеңді
Өткен аптада футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі 5-тур ойындары өтті. Еурокубок додасының «L» тобында өнер көрсетіп жатқан елорданың «Астана» командасы «Астана Аренада» Англияның азулы «Манчестер Юнайтед» командасын жеңіп, қазақстандық футбол жанкүйерлеріне тарихи жеңіс сыйлады. Жерлестеріміз «Армандар театрында» яғни, Old Trafford стадионында «Манчестерді» жеңе алмаса да арманын елордада орындады.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2019
Бүгінгінің бойжеткенін не толғандырады?
Жуырда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жанындағы Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты «Мың келбетті жастық шақ: Алматы қаласының жоғары оқу орындары студенттерінің әлеуметтік-психологиялық портреті» атты зерттеу жүргізді.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2019
«Құтыдан шыққан бала» ана болды
Жасыратын несі бар, бұл күнде ЭКҰ арқылы сәби сүю қалыпты жағдайға айналса да, «құтыдан шыққан» бала кәдімгі баладай дені сау, ақыл-есі бүтін бола ма деген сауал олардың ата-аналарын да, мамандарды да аз алаңдатпағаны анық.
Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2019
БҰҰ-ның Найробидегі саммиті қазақ әншісі Қалианың «Қыз тағдыры» әнімен басталды
Біріккен Ұлттар Ұйымының осыдан 25 жыл бұрын Каирдан бастау алған Халықтың қоныстануы және дамуы халықаралық конференциясы биыл қараша айында Найробиде (Кения) жалғасын тапты. Осылайша әлем 12-14 қараша аралығында аталған саммиттің ширек ғасырын атап өтті. Дүниежүзіне мәшһүр бұл жиын ұрпақ денсаулығы мен репродуктивтік құқықтарды қорғаудың тұтас бір межесі. Әлем елдері 6 мыңға жуық өкілдері жиналған БҰҰ-ның тарихи конференциясына жоғары деңгейдегі Қазақстан делегациясы да қатысып, осы 25 жылдық жолда қол жеткізілген табыстар мен әлі кенже қалған көкейкесті жағдайларды талқылады.
Руханият • 03 Желтоқсан, 2019
Шетелдегі қазақ баспасөзін қолдайды
«Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясына шет елдерде тұратын бір топ қандасымыз-журналистер арнайы келіп, басылым басшылығымен, ұжымымен кездесті.