Қоғам • 01 Желтоқсан, 2023
Қазақстанда алғаш рет АИТВ жұқтыру оқиғалары азайды
Мемлекеттің, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарының жұмыла қимылдауының арқасында АИТВ-ға қарсы әрекеттер өз нәтижесін бере бастады. Қазіргі таңда АИТВ-инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайларын анықтау көрсеткіші төмендеп келе жатқаны байқалады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 01 Желтоқсан, 2023
Мәулен Әшімбаев Швейцарияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Швейцария Конфедерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Салман Балмен кездесті. Сұхбат барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2023
Екібастұзда жаңа зауыт салынады
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Жәдігер • 01 Желтоқсан, 2023
Сыр елінің болашақ бренді болар жәдігерлер музейге табысталды
Қызылорда қаласында «Анаға тағзым» республикалық Аналар форумы аясында өткен Сыр елінің келешек брендіне айналатын жәдігерлер – «Шірік-Рабат сақ жауынгері» және «Сығанақ ханшайымы» реконструкцияларының таныстырылымына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, мүсіндерді облыстық музейге табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz аймақ әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ауа райы • 01 Желтоқсан, 2023
Алдағы үш күнде елімізде бұрқасын мен аяз күтіледі
Алдағы күндері белсенді Атлантикалық циклон жырасымен және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.