Футбол • 03 Желтоқсан, 2023
Индонезияда футболдан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі (U-17) өз мәресіне жетті. 23 күнге созылған жарыста жер-жаһанның әр қиырынан жиналған 24 команда бақ сынады.
Спорт • 03 Желтоқсан, 2023
Жапонияның бас шаһары Токиода дзюдодан Grand Slam турнирі өтіп жатыр. Жыл сайын желтоқсан айында жалауы желбірейтін дәстүрлі жарыста Қазақстанның санаулы ғана балуандары жеңіс тұғырына көтерілген. Атап айтсақ, 2010 мен 2012 жылы Максим Раков, 2012 жылы Ислам Бозбаев, 2014 жылы Руслан Ыбыраев және 2022 жылы Ғалымжан Қырықбайдың қанжығасы майланды. Оның барлығына да қола медаль бұйырды. Ал осы күнге дейін финалға бірде-бір жерлесіміз шыға алған жоқ.
Бокс • 03 Желтоқсан, 2023
Бокстан Ереванда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі өз мәресіне жақындады. Қазір финалға шыққан былғары қолғап шеберінің барлығының есімі белгілі. Бұл межеге Қазақстанның төрт өрені сүрінбей жетті. Бүгін және ертең олар бас жүлде үшін таласады.
Спорт • 03 Желтоқсан, 2023
Италияның Коллальбо қаласында конькиден өткен Әлем кубогінің екінші кезеңдік сайысында еліміздің жастар құрамасы табысты өнер көрсетті.
Футбол • 03 Желтоқсан, 2023
«Ливерпуль» Мбаппені сатып алудан бас тартты
«Ливерпуль» футбол клубының басшылығы ПСЖ шабуылшысы Киллиан Мбаппені сатып алу туралы келісімшарттан бас тартты, деп жазады Egemen.kz.