Жәдігер • 03 Желтоқсан, 2023
Түнжелінің тарихи құлпытастары
Қандай да бір аймақта орналасқан молалар, қабірлер және құлпытастар – сол өңірдің белгілі бір халыққа тән екенін дәлелдейтін ең маңызды ұлттық таңба. Сонымен қатар құлпытастар – әр кезеңнің мәдениеті мен тыныс-тіршілігін көрсететін тарихи жәдігерлер.
Зерде • 03 Желтоқсан, 2023
Бейбарыс – 800: Әділеттің алдаспаны
Биыл Мысырдағы мәмлүктердің даңқты сұлтаны әрі мұсылман әлемінің қорғаны ретінде тарихта жарқын із қалдырған Ұлы даланың асыл перзенті Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толды.
Әлем • 03 Желтоқсан, 2023
Еуропаны кезген әсіре оңшылдар елесі
Кейінгі жылдары Еуропада саяси қайраткерлерді алаңдататын тағы бір мәселе пайда болды. Оңшыл бағыттағы партияларды қолдайтын тұрғындар саны артып келеді. Қарт құрлықтағы кейінгі сайлауларға қарасақ, мұндай үрдіс анық байқалады. Әсіресе Германия, Франция секілді бетке ұстар елдерде оңшылдар ықпалы басым.
Таным • 03 Желтоқсан, 2023
Исламның ойлау жүйесі мен дүниетанымының Хақ (Истина) хақындағы қағидаттарының поэтикалық құрылымын (калам), пәлсапалық қисынын (логикасын), діни заңнамалық дәлелін (фиқһ-Fiqh) түсінбей – Абайды түсіну мүмкін емес. Ұсынылған мақалада Еуропа философтарының Жан мен Тән, Жанның тегі мен түрлері туралы пікірлері мен Абайдың философиялық ойларының арасындағы байланысы салыстырыла сараланады. Сонымен қатар Жан мен Тән және Жанның түрлері туралы неміс ғалымы Фридрих Эдуард Бенекенің әйгілі «Тәрбие мен оқытуға арналған жетекші нұсқау» атты философиялық-психологиялық тақырыпты қамтитын философиялық-психологиялық трактаттарымен Абайдың таныс болғаны осы мақала арқылы ғана ғылыми ортаға белгілі болып отыр. Бұл – абайтану ілімінде бұрын мүлдем қаперге алынбаған дерек көзі.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2023
Науқасқа дер кезінде тиісті көмек көрсетілмесе, қайғылы жағдайға алып келуі әбден мүмкін. Әсіресе жедел жәрдемді ұзақ күтіп қалғанда немесе алғашқы көмек дәрігерлері келгенде науқастың жай-күйінен толық хабардар болса, нақты көмек көрсетуге болар еді. Дәл осы мақсатта С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 6-курс студенті Аружан Қалиханова «көмекші білезік» ойлап тапты.