Қоғам • 04 Желтоқсан, 2023
Тек әйелдерге арналған полиция учаскелері пайда болады
Қазақстанның барлық қалаларында әйелдер полициясының бөлімшелері ашылады. Бұл туралы Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогы халықаралық конференциясында Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов айтты, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 04 Желтоқсан, 2023
Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының Төрағасы Қазақстандағы реформаларды жоғары бағалады
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Орталық Азия әйелдерінің диалогы» атты халықаралық конференцияға қатысу үшін елімізге келген Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті. Қазақстан Парламенті өткізіп жатқан халықаралық конференцияға қатысқаны үшін Т.Нарбаеваға алғыс білдірген М.Әшімбаев сондай-ақ Өзбекстанның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында Парламентаралық ынтымақтастықтың екінші жаһандық форумын сәтті өткізуімен құттықтады. Сенат Спикері Ташкентте өткен Форумның маңызына тоқталып, мұндай іс-шара Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу, ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда заңнаманы жетілдіру және парламенттік бақылау тетіктерін нығайту бағытында Парламент депутаттарының бірлескен жұмысын жандандыра түсетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 04 Желтоқсан, 2023
Иранмен ынтымақтастық арта түспек
Тегеран қаласында Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 19-шы отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 04 Желтоқсан, 2023
Астанада аялдама ерлі-зайыптылардың үстіне құлап кетті
3 желтоқсан күні қатты жел салдарынан Астанадағы Абылай хан көшесі бойындағы аялдама егде жастағы ерлі-зайыптылардың үстіне құлап кетті. Ер адам ауыр жарақат алып ауруханаға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Желтоқсан, 2023
Қарағандыда туған Әзербайжан спортшысы Grand Slam турнирінде чемпион болды
Жапонияның астанасы Токио қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтті. Елімізден барған спортшылар жылжабар аламанның іріктеуінен аса алған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.