Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2018
Оралда жаңа тұрғын үй мен спорттық нысан пайдалануға берілді
Бүгін Орал қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 120 пәтерлік жаңа тұрғын үй және «Нарын» атты спорттық кешен пайдалануға берілді.
Рудный қаласында қуатты цемент зауыты ашылды
Зауыттың пайдалануға берілуін рудныйлықтар Тұңғыш Президент күні мерекесіне тарту деп қабылдады. Зауыт құрылысы 2008 жылы басталған болатын. Бірақ осы кезге дейін қаржының жетімсіздігінен құрылыс мерзімі созылып келген еді. Жылына 500 мың тонна сапалы цемент өндіретін зауыттың құны 17 миллиард теңге тұрады. Оның ашылуына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысып, үлкен істің бітуіне куә болды, жаңа өндіріс ұжымын құттықтады.
Павлодарда 215 тұрғын пәтерлі болды
Облыс орталығындағы «Сарыарқа» деп аталатын жаңа шағын ауданда екі тұрғын үй пайдалануға берілді.
Президент • 01 Желтоқсан, 2018
Ақордада ҚР Президентінің штандарты көтерілді
Бүгін «Ақорда» резиденциясы алдындағы алаңда Қазақстан Республикасы Президентінің штандартын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Павлодардағы «Проманалит» ЖШС цифрландыру саласында 70-ке жуық жобаны жүзеге асырған
Облыс орталығында жұмыс жасайтын бұл компания экологиялық көрсеткіштерді талдау, «Жасыл экономиканы» дамыту, цифрландыру саласында 70-ке жуық жобаны жүзеге асырған.