Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2018
Отанның патриоты болу – басты парыз
Елордадағы Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің тәрбиеленушілерімен кездесті.
Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2018
Елбасы «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына арналған «Ұлы дала мұрагерлері» атты форумға қатысты. Жиын барысында Мемлекет басшысы 2068 жылғы ұрпаққа арналған аманат хатына қол қойды.
Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2018
«...Тәңір қолдағаны үшін менің бағым жанып, қаған болып таққа отырдым. Таққа отырып, үнемі кедей мен жарлының басын қостым, пақыр халықты бай қылдым». Сонау VІІІ ғасырда билік құрған Көк түркінің көреген көшбасшысы Білге қағанның тасқа қашап жазып кеткен осы бір асыл арман, ұлы мұраты бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Керісінше, жылдар алға жылжыған сайын құндылығын арттырып, күллі түркі әлеміне ортақ адамзаттық асыл мұратқа айналғандай.
Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2018
Жеңіс пен жетістіктер мерекесі
Осыдан тура 27 жыл бұрын, яғни 1991 жылдың 1 желтоқсанында тәуелсіз Қазақстан халқы өзінің Тұңғыш Президентін сайлап, жаңа өмірге қадам басты. Сол себепті бұл күннің халқымыз үшін мәні мен маңызы өте зор. Тіпті 1 желтоқсанды азаттықтың арайлы таңын атырған күн десек те қателесе қоймаспыз. Сондықтан елдік пен еркіндіктің символы саналатын Тұңғыш Президентіміз сайланған күннің жалпыұлттық мерекеге айналуы заңды құбылыс.
Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2018
Тұңғыш Президент және Түркістан
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Елбасы және Түркістан» тақырыбында көрме өтті.