ЭКСПО-2017 • 04 Желтоқсан, 2017
Алихан Байменов БҰҰ мен Түркия үкіметі ұйымдастырған ынтымақтастық форумына қатысты
Астана мемлекеттік қызмет хабының басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов БҰҰ мен Түркия үкіметі ұйымдастырған «Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы негізіндегі ғаламдық даму 2017» ЭКСПО аясында өткізілген Үшінші аймақтық ынтымақтастық форумына және басқа да шараларға қатысты.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017
Қостанайда үздік оқушылар мен ұстаздар марапатталды
Қостанайда соңғы жылдары пән олимпиадалары мен спорт, өнер жарыстарында жүлдегер болған мектеп оқушылары мен олардың ұстаздарын «Триумф» сыйлығымен марапаттау дәстүрге айналған. Биыл да ол Тұғыш Президент күніне орай өтті. Оған облыстың әр шалғайынан 150 оқушы мен олардың ұстаздары шақырылды.
Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2017
Президент • 04 Желтоқсан, 2017
Жапония тарапы Қазақстан бастамаларын қолдайды
Таяуда Солтүстік Корея тағы да баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді. Бұл жолы ракета Жапония маңындағы ашық теңізге құлаған. Бұған дейін де КХДР бірнеше мәрте баллистикалық зымырандарын сынап, оның кейбірі Күн шығыс елінің аумағынан ұшып өткені белгілі. Осы мәселеге байланысты Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабатаны әңгімеге тартқан едік.
Технология • 04 Желтоқсан, 2017
Электронды қызмет көрсету көлемінің өсуіне не кедергі?
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 100-қадамында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялап, Қазақстан азаматтары мемлекеттік қызметтерді бір жерден алатын болады деп көрсетілген. Алайда, біз өңірлерде болып, сайлаушылармен кездескенде осы корпорацияға қарайтын халыққа қызмет көрсету орталықтарының толыққанды жұмыс істеуіне кедергі келтіріп отырған бірқатар түйінді мәселелер барлығын анықтадық. Атап айтқанда, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және тағы басқа мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданылатын ақпараттық жүйелер әлі де жеткілікті интеграцияланбаған. Мұның бәрі электронды қызмет көрсету көлемінің өсуін тежеп отыр.