Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017
Қостанайда үздік оқушылар мен ұстаздарға «Триумф» сыйлығы табыс етілді
Қостанайда соңғы жылдары пән олимпиадалары мен спорт, өнер жарыстарында жүлдегер болған мектеп оқушылары мен олардың ұстаздарын «Триумф» сыйлығымен марапаттау дәстүрге айналған. Биыл да ол Тұңғыш Президент күніне орай өтті. Оған облыстың әр шалғайынан 150 оқушылар мен олардың ұстаздары шақырылды.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017
Петропавлда 200 отбасы қоныс тойын тойлады
Өңірде жұртшылықтың белсене қатысуымен Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қоғамдық-саяси, мәдени, спорттық, көпшілік-бұқаралық шараларға жалғасып, көтеріңкі мерекелік көңіл-күйге ұласты.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017
Қарағанды облысында бірнеше жаңа нысан бой көтерді
Биыл Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында бірнеше жаңа нысандар бой көтерді.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017
Бұл мереке ел есінде ұзақ сақталады
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы жанынан 3 қабатты қабылдау-диагностикалық, реанимациялық-ота жасау корпусы пайдалануға берілді. Аталған жаңа корпус 2 жылда салынып, іске қосылып отыр. Бұл ғимараттың бірінші қабатында әкімшілік, қабылдау және зертханалық-диагностикалық бөлімдері орналастырылса, екінші қабатында палаталар мен реанимация бөлімі, ал үшінші қабатта 7 блоктан тұратын ота жасау бөлімі мен бүйрек пен бауыр алмастыратын гепатопанкреатобиларлық хирургия бөлімі орналастырылған. Ал емделушілер үшін стационарда қосымша 45 төсек-орын қарастырылған.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017
Жыл соңында Жетісу өңірінде 100 нысан іске қосылады
Жыл аяғы – бір жыл бойы істелген істің есебі берілер уақыт қана емес, атқарылған шаруалар нәтижесінің көрініс табар мезгілі. Желтоқсан туа қазақ даласын жер-жерде ашылып жатқан жаңа нысандар мен әр түрлі жетістіктер туралы хабар шарлап кететіні бар. Сүйінші сұраудан, бәрекелді айтудан жарысқа түсетін бір шақ осы кез. Мұның өзіндік себебі де жоқ емес. Жыл қорытындыланып келеді. Оның үстіне, жақсылығымыздың өзін сәрсенбінің сәтіне, қасиетті жұмаға туралағымыз келіп тұратыны тағы бар. Ал, желтоқсанның басы мерекемен басталады. Бұл күні Қазақстан өз алдына ел болудың басы деп тұңғыш басшысын сайлапты. Ырымдауға жақсы себеп. Өңір әкімдерінің қай-қайсысы да сөзінің әлхамын «Елбасы берген тапсырма бойынша» деп бастайтыны тағы бар. Әр өңір басшылығы елге жасаған жақсылығын, бітірген ісі мен жеткен жетістігін – Тұңғыш Президент күніне жасаған сый ретінде ұсынуға тырысады.