Ұлы суреткер М.О.Әуезов музей-үйінде 35 жылдай жұмыс жасаған қазақ әдебиеті мен өнері университеті – рух пен парасаттың ордасындай, ақыл мен ойдың шамшырағындай еді.
Баяғыда бір апамыздың «Қой көрмесек те ешкілі байдың қызы едік» дегеніндей, бұрын нарық, нарықтық қатынастар дегенді әлемдік макроэкономикалық оқулықтардан ғана білетінбіз. Ал мына жалғанда өзгермейтін ештеңе жоқтығының ақиқат екендігіне тәуелсіздік алғанда анық көзіміз жетті.
Заңсыз аң аулағандардың қатарында орман қорғау қызметкері де болған
1 желтоқсан күні түнгі 02:00 кезінде «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының мемлекеттік инспекторлары Павлодар облысы Лебяжі аудандық ІІО-ның қызметкерлерімен бірлесе отырып «Ертіс орманы» МОТР Бесқарағай филиалының Байымбет орманшылығы аумағында «Ниссан Патрол» автокөлігімен заңсыз аң аулаған 4 адамды ұстады. Олардың біреуі «Ертіс орманы» МОТР Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің басшысы болып шықты. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 04 Желтоқсан, 2017
Үкімет басшысы «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумы аясында кездесулер өткізді
Бүгін Үкімет үйінде Астанада 5 желтоқсанда басталатын «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Cathay Industrial Biotech компаниясының президенті Лю Шикаймен, Areva Mines компаниясының басқарушы директоры Жак Питьемен және CNBC арнасында «STREET SIGNS» бағдарламасын бірлесіп жазған автор Ориэл Моррисонмен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2017
Елімізде тұтынушылар құқығы жиі бұзылатыны анықталды
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ұйымдастырған сауалнаманың қорытындысы бойынша елімізде қызмет көрсету саласында тұтынушылар құқығы жиі бұзылады.