Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
Балаларға екпе жасату қажет пе?
Суық түсе адамдар түрлі ауруларға жиі шалдығып жатады. Менингококк, тұмау, ЖРВЖ, энтеровирусты аурулардан қалай сақтану керек? Әрине саламатты өмір салтын ұстану қажет немесе әжелердің жасаған тосаптары, сорпа, дәруменге бай үй тағамы осының барлығы қосымша көмек болатыны сөзсіз. Десек те, дәрігерлер екпе жасату өте тиімді тәсіл дегенді алға тартып отыр.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасы бойынша 25 мың студент білім алуда
Елбасының тікелей тапсырмасымен 2017 жылдан бастап еліміздің жастары тегін кәсіптік-техникалық білім ала бастады. Қазіргі таңда «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасы аясында колледждерде 25 мыңға жуық студент білім алып жатыр. Қысқа уақытта нақты кәсіпті меңгеріп шығатын жастар енді ел экономикасына едәуір серпін берері анық.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
Мектептер 2020 жылдан бастап жаңа жүйеге өтеді
Енді ұстаздар еңбегіне қарай жалақы алатын болды. Мұғалімнің оқушымен өткізген әр сағаты төленеді. Ол білім беруді жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы жүзеге асырылмақ. Бұл жоба 2012 жылдан бастап қолға алынды. Ал 2013 жылы қанатқақты жоба ретінде таңдаулы мектептерде енгізіле бастады.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
Білім саласын дамытуға жол ашатын жоба
Соңғы жылдары елімізде білім беру саласының дамуына мемлекет тарапынан көптеген қолайлы жағдайлар жасалуда. Бұл өз кезегінде білімнің салтанат құрып, кеңге қанат жаюына жол ашпақ. Өйткені сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеу болашаққа жасалған басты инвестиция. Осыған орай Алматыда Білім беру жүйесіндегі қамқоршылық кеңесінің алғашқы ашық отырысы өтіп, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері аталған жүйеге қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
Әрбір адамға шаңырақ құрып, артына ұрпақ қалдыру – парыз. Бақыттың төресі де – бала сүю. Өкінішке қарай, нәрестенің іңгәлаған үнін есту бақыты некеге тұрған барлық отбасына бірдей бұйырмаған.