Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2017
Сыр өңірінде қандай тарихи орындар бар?
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Ұлт тарихы өлке тарихынан бастау алады. Бүкіл адамзаттық құндылықтар, әлемдік құндылықтар мен ұлттық құндылықтар құрайтын болса, өлке тарихы сол құндылықтардың бастау бұлағы», деген ұлағатты сөзі өмір-сүріп жатқан өз өлкеңді танып-білу керектігін айтып тұрған бізге бағдаршам іспеттес болуы керек.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
Рауан Кенжеханұлы: «100 жаңа оқулық» – қазақ ғылымының жаңа белесі»
ХХ ғасырдың басында Алаш зиялылары қазақ баласын жаппай білімге шақырып, дамыған жұрттардың бәрінде бар ғылым салаларын негізге алып, қазақ ғылымының іргетасын қалапты. Содан бері бір ғасыр өткенде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы іске қосылды. Қазақ баласы енді гуманитарлық білімнің жаңа оқулықтарымен танысқанда қалай өзгереді? Арадағы ғасырлық межені ескергенде, жаңа оқулық білімнің сапасын көтере ме? Осы туралы «Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қорының» атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлынан сұрап білген едік.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
Жақсының жаратылысы бөлек, тектінің тегеуріні мықты. Болмысы бүтін, сөзі нәрлі, мінезі мінсіз. Кең пішілген, бәрін сезіп тұрасың пішінінен. Аспайды, таспайды. Тыңдай біледі. Тыңдата алады. Мен осының бәріне: «Кенеке, сіз күміс көмей әншілігіңіздің үстіне, ғұлама жырау әрі әбжіл шешен, байтақ шежіре екенсіз», деп ұлы Мұхтар Әуезов бағалаған, «Салдық, серілік дәстүрдің ең соңғы шыңы – Кенен» (Ақселеу Сейдімбек) деген күміс көмей, жезтаңдай, сөзі балдай Кенен Әзірбаевтың қызы Төрткенмен әңгіме үстінде көз жеткіздім.
Парламент • 05 Желтоқсан, 2017
Мәжілісте мәдениет саласының жай-күйі талқыланды
Парламент Мәжілісінде «Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру тұрғысында» тақырыбымен Үкімет сағаты өтіп, онда елдегі мәдениет нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуы мен мәдениет қызметкерлері тұрмысы және ауылдық жерлерде мәдениет ұйымдары желісінің жай-күйі сынды мәселелермен қатар, алда тұрған жаңа жобаларды жүзеге асырудың тетіктері талқыланды.
Үкімет • 05 Желтоқсан, 2017
Кеше Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018-2022 жылдар аралығын қамтитын «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қорытынды нұсқасы таныстырылды.