Бағдарламалар • 06 Желтоқсан, 2017
100 жаңа есім жайлы кiтаптар шығарылып, деректi фильмдер түсiрiледi
Кеше Астанада Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Ақпарат, ақпараттық коммуникациялық технологиялар мен мемлекеттiк қызметтердi көрсету салаларын дамыту мәселелерi сөз болған жиынға Парламент Мәжілісінің депутаттары мен Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.
Үкімет • 06 Желтоқсан, 2017
Қазақстан – инвесторларға қолайлы ел
Кеше Астанада әлемдік және отандық ірі компаниялардың басшылары мен кәсіпкерлердің, инвесторлардың басын қосқан Kazakhstan Global Investment Roundtable форумы өтті. Дүние жүзінің 100-ден астам ірі бизнес өкілі, халықаралық ұйымдар қатысқан алқалы жиында Қазақстанның инвестициялық әлеуеті, экономиканы әртараптандыру мәселелері, қаржы, энергетика тақырыбындағы өзекті жайттар кеңінен талқыланды. Форумның пленарлық сессиясында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев сөз сөйледі.
Медицина • 06 Желтоқсан, 2017
Бірнеше бағдарлама қабылданып, қыруар қаржы бағытталған, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі елімізде күн тәртібінен түсе қойған жоқ. Жуырда Мәжілісте «Қазақстан Республикасының елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында парламенттік тыңдау өтті. Осы орайда парламенттік тыңдауға қатысып, өз тәжірибесімен бөліскен Шымкент қаласындағы «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Анарбек ОРМАНҒА жолығып, көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білген едік.
Тарих • 06 Желтоқсан, 2017
«Қалмаққырылған» неге елеусіз қалды?
Өзге өңірлер тұрмақ, біздің облыстың өзінде бұл атауды жиі ести бермейсіз. «Қалмаққырылған» жаққа барғандардың қатары да сирек. Өткен жаугершілік заман жайлы тарихи зерттеу жазып жүрген мүмкін бірді-екілі ғалым бар болар. Тіпті қазіргі «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай жергілікті әкімдіктердің, рухани салаға жауап беретін қызметкерлері де онда әлі аяқ баса қойған жоқ. Әрине, Баянауыл осы өлкенің маңдайға басар мақтанышы екенін білеміз. Жыл сайын мұнда келіп-кетіп жататын қонақтар да, туристер де жеткілікті. Ал, біз нағыз тарихи туризмге сұранып тұрған Ақшимандағы «Қалмаққырылған» тауына жұрт назарын аударғымыз келеді.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2017
Павлодардағы музейге Қимақ жауынгері орналасқан
Облыс орталығында Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музей қоры жыл сайын көбеюуде. Сирек жәдігердің бірі – қимақ жауынгері. Археологиялық экспедиция барысында Май ауданы Қызыл еңбек ауылынан табылған.