Президент • 28 Желтоқсан, 2023
Президент жаңа заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану және экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 28 Желтоқсан, 2023
Қуанышы мен қиындығы қайшыласқан Қоян жылын шығарып салуға санаулы күндер қалды. Әдеттегідей, әлбетте, келер жылдан да тек жақсылық күтеміз. Желтоқсанның жаңбыры мен ызғары жағаласып жатса да, жұрт Жаңа жыл мерекесінің лебін сезініп отыр.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің сайлау жүйесін жетілдіруге ерекше ден қойды. Осы саяси реформа аясында биыл Қарағанды облысында екі аудан, бір қалада сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметіне кірісті. Алаш арыстарының алтын бесігі Ақтоғай өңіріне іссапарменен жол түсіп, мұндағы халық таңдауы түскен әкім Руслан Кенжебековпен жолығып, сайлауалды бағдарламасындағы ауданның экономикалық әлеуеті жөнінде әңгіме өрбіткенбіз.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2023
Қаратөбе ауданы жақында құрылғанына 95 жылдығын атап өтті. Күнбатыс Алашорда тарихында Жымпиты, Ойыл, Қызылқоғамен қатар аталатын тарихи елді мекеннің ғасырға жуық тарихы ғалымдар мен өлкетанушылардың сараптауынан өтті.
Әдебиет • 28 Желтоқсан, 2023
Әдебиет әлеміне ат байласақ...
Өткен жылға өкпе жоқ. Табиғат тосын мінез танытып, аспан қақырап я жер опырылып ортасына түспесе, жылды қалай өткеру адамдардың өзіне байланысты шығар. Уақыт пен кеңістіктің ауанында өнер жасайсың ба, әдебиет тудырасың ба, жоқ әлде мал тауып, оныңды тойға (желге) шашасың ба, еркің білсін. Әйтеуір әркім ақылы жеткенше іс қылады. Абай: «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ», демекші әдебиет пен өнерде үлгі аларлық дүниелер аз болмады биыл. Мәселе кімнің қалай қабылдап, бағамдап, тани алуында. Сондықтан айтпағымыз ас пен тойдың дақпырты емес, жыл аясында атқарылған жұмыстардың шетін шығару.