Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2017
Жалпыұлттық телекөпір барысында Маңғыстауда үш жаңа нысан іске қосылды
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру күні өтуде. Іс-шара «Нұрлы жол» және елді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысына арналды.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2017
Астанада жүрек-қан тамырлары ауруларының диагностикасынан тегін өтуге болады
11-15 желтоқсан аралығында қалалық № 2 ауруханада 40 жастан асқан азаматтарға арналған «Денсаулыққа бірге» акциясы өтеді деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Президент • 06 Желтоқсан, 2017
Елбасы: Қазір жұмысты 25-30 жастағы азаматтарға беру керек
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, технологиялық жаңғыртуды ойдағыдай атқару үшін адам капиталын дамыту қажет. Кәсіби мамандарды тірнектеп жүріп жинау керек. Онсыз алға қойылған мақсаттарды іске асыру мүмкін емес.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2017
Оңтүстікте 557 мыңнан астам көлік тіркелген
Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінгі таңда 557 143 автокөлік тіркелген. Салық кодексіне сәйкес, 59 265 автокөлік иелерінде жеңілдік бар. Қазіргі таңда облыс көлемінде төленбеген көлік салығын өндіру бойынша жұмыстар атқарылуда. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбеталиев мәлімдеді.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2017
ОҚО-да телекөпір барысында жылына 1 млн тонна тауар өткізуге қауқарлы кешен іске қосылды
Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпір барысында Шымкент қаласында орналасқан көлік-логистикалық орталығындағы «Continental Logistics Shymkent» А + санатындағы кешенді іске қосты.