Президент • 19 Желтоқсан, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады
Кездесу кезінде Мемлекет басшысына биыл өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту үшін атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 19 Желтоқсан, 2019
Дариға Назарбаева картоп және көкөніс өсірушілер одағымен кездесті
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева парламенттік тыңдауларға дайындық аясында еліміздегі картоп және көкөніс өсірушілер одағы мен тоң-май саласы қауымдастығының басшыларымен бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
Қазақстан Елшісі Израиль Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан Республикасының Елшісі Сатыбалды Бұршақов Израиль Мемлекетінің Президенті Реувен Ривлинге «Beit Hanassi» резиденциясында сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
Дәрігердің орташа жалақысы 2025 жылы 2,5 есеге артады - Елжан Біртанов
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының қорытындылары туралы баяндап, денсаулық сақтаудың мемлекеттік бағдарламасының 2020-2025 жылдарға арналған жобасын ұсынды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019
Алматы облысында жастар саясатын дамытуға 56,7 млн теңге жұмсалды
Биыл Алматы облысындағы жастар саясатын дамытуға арналған «Жастар жолы» іс-шаралар жоспары бойынша 11 жоба жүзеге асқан. Оған 56,7 млн теңге бюджет қаржысы жұмсалған.