Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019
Шымкент әкімі қытайдың қазақстандағы елшісімен кездесті
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Чжан Сяомен кездесті. Кездесуде тараптар Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
Теңіз көлігі саласындағы мемлекеттік қызметтер оңтайландырылады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ағымдағы жылы сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша біршама жұмыстар жүргізді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
Үкімет Білім мен ғылымды дамытудың жаңа 5 жылдық бағдарламасын мақұлдады
Бүгін Қазақстан Республикасының Үкіметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім беру ұйымдарындағы білім беру бағдарламаларын жаңарту кезеңдері туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
2020 жылы қазақстандықтар үшін зейнетақы мен жәрдемақы қандай болады
«2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және жәрдемақылар арттырылатын болады. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019
Жамбыл облысында «Арқан» мобильді кешені қолданысқа енгізілуде
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар тасжолының Жамбыл ауданы аумағында «Арқан» автоматтандырылған мобильді кешенін таныстыру шарасы өтті.