Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2017
Артта қалып бара жатқан мына ескі жылдың Қазақ еліне не бергенін, бұл жылдың есте қалар қандай тамаша сәттері болғанын, жалпы өткен-кеткенімізді ойша шолсақ, жүректі елжіретіп, жүзімізді рахман нұрымен сәулелендірер жағымды жаңалықтарымыз Құдайға шүкір, «жоқ» деп ауызымызды қу шөппен сүртпейміз, жеткілікті-ақ екен.
Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2017
Өтіп бара жатқан 2017 жыл өзінің тарихи оқиғаларымен, ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Әсіресе қазақ спортшылары үшін. Биыл ел спортында елеулі жеңістер, толайым табыстар аз болған жоқ. Әр спортшы бабы мен бағы келгенше бәсекеге түсіп, қадери-халінше ел қоржынына медаль салуға тырысып бақты. Әр маусым, әр кезең және әр жыл аяқталғанда жылдың үздіктерін анықтап жатамыз ғой. Осыған орай «Егемен Қазақстан» газеті де спортшыларымыздың Тауық жылында жеткен жетістіктерін саралап, үздіктерді анықтады.
Тарих • 29 Желтоқсан, 2017
Орбұлақ шайқасының отандық тарихтағы мән-маңызы
Ұлттық сананың түп негізі тарихи санаға телінген. Яки туған тарихымыз – таным атаулының атасы.
Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2017
Мен тарихшы емеспін. Бұл туралы жазу ойымда да жоқ еді. Оған себеп болған мына жайт. Егемендіктің елең-алаңынан бері ширек ғасырдан астам уақыт өтті ғой. Міне, содан күні бүгінге дейін төменде сөз болғалы отырған тақырып жөнінде жүздеген мақалалар шықты. Бірақ солардан біз білетін бір дерек қағыс қалып келе жатқандай. Қазір не көп, газет-журнал көп. Мүмкін, кезінде ол солардың бірінде жарық көрген де болар. Көзімізге түспей қалған да шығар. Олай болған жағдайда ғафу өтінеміз. (Сақтық үшін интернетті қарап шықтық, жарияланбапты). Десек те, ой салатын ондай дүние жарық көргеннің өзінде оны қайталап айтудың, сөйтіп оқырмандарға тағы да еске салудың еш артықтығы жоқ дер едік.
Ұлы Дала және ұлттық ономастика
Туған жердің байырғы жер-су атауларының қалпына келтірілуі және ерен тұлғаларын ескеру, ұлт санасында жаңғырту қажет. Бұл орайда Елбасының Жарлығымен Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы үздік ақын-композитор, асқақ әнші Біржан сал есімімен аталуы ел мен жер мерейін бір өсіріп тастады.