Аймақтар • 29 Қараша, 2023
Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалында Қазақстан мен Ресейдің іргелес өңірлері арасындағы ынтымақтастық мәселесіне арналған «Еуразия қақпасы» халықаралық форумы өтті. Жиында қазіргі қоғам беталысындағы өзекті мәселелер мен екі ел арасындағы интеграциялық үдерістер талқыға түсті.
Қаржы • 29 Қараша, 2023
2023 жылғы қыркүйектің аяғындағы есеп бойынша отандық екінші деңгейлі банктердің реттеушілік меншік капиталы 6,9 трлн теңгеге жетіпті. Бұл өткен жылғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 21%-ға жоғары. Сарапшылар тап осы критерийдің талапқа сай болғаны өте маңызды, өйткені меншік капиталы банктердің және бүкіл қаржы жүйесінің қаржылық тұрақтылығында маңызды рөл атқарады дейді.
Баға • 29 Қараша, 2023
Меморандум керемет, жағдай басқа...
Атырауда күнделікті тұтынатын азық-түлік те, толғауы тоқсан тіршілікке қажетті өзге бұйымдар да арзан емес. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы 2,2 пайызға өскені анықталып отыр. Тіпті Үкіметтің ұдайы бақылауындағы бұл тауарларды дүкен сөресіне жеткізетін делдалдар үстеме бағаны 15 пайыздан асырып жіберген.
Аймақтар • 29 Қараша, 2023
Петропавл мен қала маңындағы Пестрое көлінде Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қыс-2023» республикалық команда-штабтық жаттығулары өтті. Жаттығулар азаматтық қорғаныстың қыс айларында болуы мүмкін түрлі төтенше жағдайды жоюға дайындығын пысықтауға арналған.
Қоғам • 29 Қараша, 2023
«Қар жаумаса да». Заңгер қысқы доңғалағы жоқ көлік иелеріне қандай шара қолданылатынын айтты
Заң талаптары бойынша 1 желтоқсаннан бастап көлікті жазғы доңғалақпен жүргізуге тыйым салынады. Дегенмен биыл елімізге қыс кеш келіп жатыр. Оңтүстік өңірді айтпағанда, Астананың өзінде әлі қар жоқ. Жерде қар болмаса да, желтоқсаннан бастап қысқы бүрлі доңғалақ салу міндетті ме?