Елорда • 30 Қараша, 2021
Жаһан жұртын жалт қаратқан жауһар шаһар
Ел егемендігінің 30 жылына қадам басқан тұста Елбасының ең ұлы туындысы ретінде ел астанасын айтуға болар еді. Арқа төрінде айбыны асқақтаған елорда бүгінде жаһан жұртының жанарын жалт қаратқан жауһар шаһарға айналды. Сәт санап ажары адамзат баласын арбап келе жатқан еліміздің бас қаласына атбасын бұрғандар саны артып келеді. Олар жүз түрлі сәулет өнерінің озық үлгісі үйлесім тауып, жүзіктің тасындай нұр шағылған ел астанасын көруге ынтызар. Ең бастысы, Нұр-Сұлтан қаласында туризмді түлетудің ауыз толтырып айтуға болатын әлеуеті бар.
Аймақтар • 30 Қараша, 2021
Қазақ жеріндегі шикізаттық қоры мол табиғи байлықтың бірі – мұнай. Әлемдік нарықта баррельмен бағаланған «қара алтынды» экспортқа тасымалдаудан түсетін табыс аз емес. Жеті қат жер астынан тонналап өндірілген мұнайды өңдейтін отандық кәсіпорынның бастауында Атырау мұнай өңдеу зауыты тұр. Қазір бұл зауыт жанар-жағармай түрлерін шығарумен шектелмейді. Мұнда жаңаруға жалғасқан жаңғыртудан кейін іске қосылған хош иісті көмірсутектер шығару кешенінде екі жаңа өнім алына бастады. Оның бірі – бензол, екіншісі – параксилол. Бұрын елімізде дәл осындай шикізаттық өнімдер шығарылмағанын ескерсек, мұны тәуелсіздіктің жемісі деуге болады.
Қазақстан • 30 Қараша, 2021
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев іргетасын қалап, байтағын берік бекіткен, байрағын биік көтерген тәуелсіздіктің әр таңы біз үшін аса арайлы! Терең тарихты зерделерге биік парасат керек. Ортақ мақсатқа ойлы қадам, жаңаша көзқарасқа айрықша серпін, жемісті жетістікке жүйелі жоспар жеткізеді.
Таным • 30 Қараша, 2021
Мұғаллақ аспан ғана ұстынсыз. Ұлыс та, ұлт та, жалқы адам да ұстынсыз бола алмайды. Оның ұстыны – идеялар, концепциялар мен доктриналар, стратегиялар менен жоба-жоспарлар. Мұратына жеткісі келер әрбір мұғадалы кісі осының біріне ұмтылады. Өзін қазып табады, өзінен табылмаса өзгеден іздейді. Бірақ әлбетте ол оның болмысына нұқсан келтірмейтіндей болса ғана.
Қоғам • 30 Қараша, 2021
Еріне артылған үміт ақталған кезең
Ұлтымыздың наным өлшемімен өрсек отыз жас – тұла бойыңды тіктеп, өз ортаңдағы орныңды орнықтыратын «ордабұзар» кезең. Дәл осы жылнамалық сәйкестікті Тәуелсіз Қазақстанның биылғы үшінші онжылдығымен сабақтастырып өтсек.