Қазақстан • 21 Қараша, 2018
Жастарды қолдауға арналған бастама
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі Тұңғыш Президент күніне арналған жиын өткізді. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л.Прокопенко, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері және Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері қатысты.
Аймақтар • 21 Қараша, 2018
НУ магистранттары «Қазцинк» компаниясында тәжірибеден өтпек
Астанадағы Назарбаев Университеттің магистранттарын «Қазцинк» компаниясының бөлімшелерінде тәжірибеден өткізу мақсатында арнайы бағдарлама жұмысын бастады.
Медицина • 21 Қараша, 2018
Денешынықтыру пәні пән емес пе?!.
Қоңыр күзде ауылға жол түскен. Ауылдағылардың жайы белгілі ғой, отын-шөптің қарбаласында. Нағашым да көмір алдырған екен, жауынға тигізбей үйіп алу қамында. Жетпістен асып кетсе де қолына ауқымы кең, жалпақ күрек алыпты. Бірақ, қимылы пәс. Қайраты кеміген, қажыры азайған шағы ғой. Әйтсе де, тепсе темір үзетін жасқа жеткен қолғанаттары бар. Қозыжон болып үйіліп жатқан көмірдің екінші басында түртінектеп жүрген екі немересіне қарайлайтын тәрізді. Бірақ немерелері бар болғырлардың қимыл-қарекеті сылбыр. Тезірек үйіп тастайықшы деген түрлері көрінбейді.
Қазақстан • 21 Қараша, 2018
Журналистика саласындағы «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары анықталды
Астанада «Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистика саласындағы «Шаңырақ» және медиация саласы бойынша «Ең үздік медиатор» байқауларының жеңімпаздарын марапаттады. Салтанатты шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, Парламент Мәжілісінің депутаттары және қоғам қайраткерлері қатысты.
Аймақтар • 21 Қараша, 2018
Тараздықтар халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды
Осыдан жеті жыл бұрын қарашаның қара суығында Жамбыл жұртшылығын ғана емес, бүкіл қоғамды дүр сілкіндірген оқиға орын алған болатын. Тараз көшелерінде бейбіт тұрғындардың тыныштығын бұзып, оқ атқан лаңкесті құрықтау кезінде жергілікті полиция қызметкерлері ерлікпен қаза тапты. Бүгінде бейбіт күннің батырларын жыл сайын еске алып, олардың рухына тағзым ету дәстүрге айналған. Ғазиз Байтасов, Полат Аянқұлов, Жақсыбек Байсейітов сияқты азаматтардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.