Қазақстан • 22 Қараша, 2019
«Табысқа бірге» атты І-ші Қазақстандық менторлар мен ментилардың форумы өтті
Бүгін, жастар жылы аясында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚЕАҚ қолдауы арқасында шара өткізілді.
Үкімет • 22 Қараша, 2019
А. Мамин Швейцарияның Федералды Президентімен келіссөздер өткізді
Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстанға ресми сапармен келген Швейцарияның Федералды Президенті, Федералды Қаржы департаментінің министрі Ули Маурермен келіссөздер өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Парламент • 22 Қараша, 2019
Дана Нұржігіт көшбасшы әйелдердің жаһандық форумына қатысты
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт Рейкьявикте «Women Political Leaders» қоры, Исландия Үкіметі мен Парламенті ұйымдастырған көшбасшы әйелдердің жаһандық форумына қатысты. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 22 Қараша, 2019
«Almaty Investment Forum-2019» форумына 200-ден астам шетелдік қатысады
Қала әкімдігінің баспасөз орталығында Алматыда 27 қарашада өтетін «Almaty Investment Forum-2019» мәселелеріне қатысты брифинг өтті. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 22 Қараша, 2019
300 адам чек алмағанын хабарлағаны үшін сыйға ие болды
Чек бермеу фактілері туралы хабарлаған қазақстандықтар 30 қарашаға дейін ұялы телефон теңгеріміне 1000 теңге көлемінде сыйақы ала алады. Бұл Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырған арнайы науқан 30 қыркүйектен басталған. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.