Таным • 22 Қараша, 2018
Тереңдігі мен іскерлігі тең тұлға
Адамның ғұмыры өмірдің өрі мен өткелінен тұрады. Тағдыр сыйы талмас еңбек пен табанды ерік-жігерден таралған тамыр іспетті. Біздің буын өкілдері еңбек еткенде болашаққа әрқашан зор сеніммен қарадық. Біздің негізі арманымыз – қазір еңбек етіп жүрген жастар, балаларымыз нық сенімді болғанын қалаймыз. Мемлекет және қоғам қайраткері, абзал азамат Жәнібек Кәрібжановты қазақ елі жақсы біледі. Ол туралы жылы ілтипат айту – мен үшін мақтаныш. Олай болса жетпістің өріне шыққан замандасымыздың өнегелі еңбек жолын санамыздан санамалап бір өткізейік.
Тарих • 22 Қараша, 2018
Ақмешіт жерасты мешіті: ХІХ ғасырдағы тарихи дереккөздер бойынша
Атырау облысы аумағындағы көпшілікке танымал және өзіндік ерекше тарихы бар, Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандарының тізіміне енген киелі орынның бірі – Ақмешіт қорымы. Қорымның атауы барша қазаққа белгілі тұлға, Маңғыстауда жерленген Бекет Мырзағұлұлының (Бекет ата) есімімен тығыз байланыста айтылады, себебі ол осы қорымда XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың бас кезінде жерасты мешітін салған. Осыған орай, Қазан төңкерісіне дейінгі дереккөздерде қорымның атауы Ақмешіт-Бекет деп жазылды. Қазіргі кезеңде халық аузында Бекеттің әулиелілігі мен өміріне қатысты біршама аңыз-әңгімелер сақталған. Олардың негізгі бөлігі Ислам қажы Мырзабекұлының құрастыруымен 2008 жылы жарық көрген жинақта кеңінен көрініс тапқан (Бекет ата (имандылық-тағылым кітабы). Ақтөбе. 2008. 740 б.). Мен бұл тақырыпқа оралмай, Бекет атаның Ақмешіттегі жер асты мешіті туралы орыс дереккөздерінде берілген мәліметтерге тоқтала кеткенді жөн көрдім.
Экономика • 22 Қараша, 2018
Машина жасау маңдайалды салаға айналды
Жуырда биылғы тоғыз айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қараған Үкімет отырысында ел экономикасының 4,1 пайыздық даму көрсеткішін көрсетіп отырғандығы атап көрсетілді. Бұл – жақсы көрсеткіш.
Президент • 22 Қараша, 2018
Елбасының «Егеменде» жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы көпшіліктің көңілінен шығып, жұртшылықтың жүрегіне жол тапты. Қазақ елінің ғана емес, бүгінде Ұлы даладан тамыр тартқан туыс халықтардың да көшбасшысы ретінде мойындалып, ортақ мақтанышына айналған Қазақстан Президентінің тарихи санаға сілкініс әкелген, дәйекті деректері мен мәйекті мазмұны үйлескен маңызды мақаласы түркі әлемі үшін де байламды сөз, бәтуалы бағдар болды.
Президент • 22 Қараша, 2018
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті.