Үкімет • 22 Қараша, 2018
Әсел Назарбетова: Өркениетті ойлаудың алғышарты
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халықтың, қоғамның санасын селт еткізетін, елдің, ұлттың, мемлекеттің тарихына тағы бір терең үңілуге түрткі болатын құнды дүние – «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласы жарық көрді. Мақаланы жаңа деп тек шыққан уақытына байланысты айтуымыз шарт, себебі онда айтылған терең философиялық-дүниетанымдық ойлар Елбасының үнемі қоғам назарына бағыттап жүрген мақалаларының, идеяларының жалғасы іспетті.
Саясат • 22 Қараша, 2018
Ерлан Саиров: Толағай тарихымызды түлету күн тәртібінде
Көңілге қонымды. Өзіңнің тарихыңмен мақтанып қана қоймай, сол тарихтың қыр-сырларын сараптап, ғылыми негізде болашаққа бағдар жасау өте өзекті. Жаһандану заманына біздің өз тамырымызбен, сол тамырымызды тереңдете отырып енуіміз өзекті. Осы тұрғыда, өзіміздің толағай тарихымызды түлету күн тәртібінде.
Үкімет • 22 Қараша, 2018
Қайрат Әбдірахманов: Әлем мәдениетін жақындастырады
Біздің тарихымыз – Қазақстан халқын біріктіретін қуатты күш, барлық азаматтарды жігерлендіру көзі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты жүйелі мақаласында аса көрегендікпен халықты тарихқа құрметпен қарауға және зерделеуге, өткеннен сабақ үйренуге шақырады. Себебі әр халықтың шежіресі қаһармандыққа, жеңістер мен трагедияға толы, оны сол күйінде қабылдаған абзал. Ол үшін ғылыми тұрғыдағы көзқарас қажет.
Саясат • 22 Қараша, 2018
Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі
Кез келген халық пен ұлттың өзінің шыққан тегіне зер салып, өткеніне үңілуі, қоршаған ортасына ықпалы мен қоғамның дамуына қосқан үлесін ой таразысына салуы заңды құбылыс. Сол арқылы оның әлемдік өркениеттегі орнын айқындауға болады.
Қазақстан • 22 Қараша, 2018
Еуропа футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) ұлттық құрамалар арасында футболды дамыту мақсатында құрған жаңа турнир Ұлттар лигасының алғашқы кезеңі аяқталды. Үш айға созылған турнирде 55 құрама 138 ойын өткізіп, 333 гол соқты. Бұл – орта есеппен әр ойында 2,41 гол соғылды деген сөз.