Саясат • 22 Қараша, 2018
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы: Кеңістік пен Уақыт феномені
Дәл бүгінгі күн біз үшін үлкен толғаныспен басталды. «Egemen Qazaqstan» газетінде Президентіміздің «Ұлы даланың жеті қыры» деген мақаласы шықты. Оны мақала деп емес, Президенттің бұрын жария еткен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының парасаттылық негізіндегі басты ұстыны, матрицасы десек те болады.
Аймақтар • 22 Қараша, 2018
Алматыда ХІ Media-құрылтай өтті
Кеше Алматыда қазақстандық БАҚ нарығын дамыту мәселелеріне арналған ХІ Media-құрылтай мәреге жетті. Ақпарат айдынындағы әріптестерімізді тоғыстырған кезекті құрылтайдың артықшылығы – медиа-нарықтың ортақ жағдайы, яғни қазақтілді, яки орыстілді аудиторияның көңіліне қарамай, бүкпесіз ақтарылғандығы болды. Өйткені нарық – біреу, көрермен – ортақ, оқырман – жалғыз.
Саясат • 22 Қараша, 2018
Дархан Кәлетаев: Ұлы даланың ұлағаты
Белгілі ғалым, орнитолог, Пулитцер сыйлығының иегері Джаред Даймонд өзінің «Қару-жарақтар, микробтар мен шарболат» атты кітабында бір тағылымды тұжырым жасайды. «Өркениет Батыс Еуразиядан басталып, Батыс Еуразиямен бітпейді. Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта-ақ Еуразияның өне бойында, өзге құрлықтарда жазба мәдениетімен қатар орталықтандырылған саяси билік, қалалар мен өндіріс, қолға үйретілген үй жануарлары, металл қару-жарақ пен еңбек құралдары болған». Дүние жүзі ғалымдары осы ақиқатты бір ауыздан мақұлдап отыр.
Экономика • 22 Қараша, 2018
Жас зерттеуші патогенді микробтарға қарсы тұра алатын «өсімдік антибиотиктерінің» тізімін жасады
Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Алтынай Әбдіжәміл жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында фитонцидтерге бай жабайы өсімдіктерді көркейту-көгалдандыру ісіне пайдалануды ұсынады. Қызылорда облысындағы жабайы өсімдіктердің салыстырмалы фитонцидтік белсенділігін эксперимент арқылы зерделеген жас зерттеуші аймақтың климаттық жағдайына төзімді, экономикалық тұрғыдан тиімді және туберкулез таяқшасына, басқа да патогенді микробтарға қарсы тұра алатын «өсімдік антибиотиктерінің» тізімін жасады.
Бокс • 22 Қараша, 2018
Ақтауда бокстан ел чемпионаты мәресіне жетті
Қазақстанның боксшылары үшін биыл табысты болды деп айта алмаймыз. Олай деуге негіз, жерлестеріміз өз тарихында тұңғыш рет жылдың басты додасы – жазғы Азия ойындарынан алтын жүлдесіз оралды. Бұл жағдай республикалық бокс федерациясының басшылары мен ұлттық құрама бапкерлеріне ой салса керек, олар бұл жолы еліміздің барлық белді былғары қолғап шеберлерінің басын қосып, қарт Каспийдің жағалауында жалауы желбіреген Қазақстан чемпионатына қатыстырды.