Құқық • 30 Қараша, 2024
Бала құқын қорғау мәселелері талқыланды
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Қазақстан Республикасында бала құқықтарын қорғау: даму жолындағы жетістіктер мен алдағы басымдықтар» атты конференцияға қатысты. Сенат пен ЮНИСЕФ бірлесіп ұйымдастырған іс-шара Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялағанына 30 жыл толуына арналды.
«Таза Қазақстан» • 30 Қараша, 2024
«Жасыл белдеу» аумағы ұлғая түседі
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында күзгі тал егу, тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Жуырда экологиялық шара аясында өткен сенбілікте әуежай бағытындағы жолдың бойы жаңа көшеттермен толықтырылып, тазартылды. Жалпы 240 гектар жерге боз арша, қарағаш, терек, айлант, жиде, тұт, бадам секілді ағаш көшеттері отырғызылды.
Жекпе-жек • 30 Қараша, 2024
Қазіргі кезде барша қазақ жанкүйері 7 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен өтетін «UFC 310» турнирін тағатсыздана күтіп отыр. Сол жарыстың басты бәсекесінде Шавқат Рахмонов жартылай орта салмақтың чемпиондық тәжі үшін Мұхаммад Белалмен күш сынасуға тиіс еді. Бірақ аяқасты денсаулығы сыр берген АҚШ спортшысы жекпе-жекке шығудан бас тартты. Сөйтіп, алтын белбеу үшін айқас кейінге шегерілді.
Спорт • 30 Қараша, 2024
УЕФА Чемпиондар лигасының эли-талық кезеңі басталды. Еліміздің жанкүйерлері биылғы ел чемпионы «Семей» мен ел кубогінің иегері «Қайраттың» ойынына баса назар аударды.
Спорт • 30 Қараша, 2024
Қажымұқанның ұрпағы мықтылығын көрсетті
Түркістан қаласында Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналып, қазақ күресінен әлем кубогі өтті. «Олимпик Арена» спорт кешенінің түңлігін желпіген дүбірлі додаға Қазақстан, Грузия, Польша, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай, Әзербайжан, Моңғолия елдерінен 100-ге жуық балуан қатысты.