Президент • 30 Қараша, 2017
Билік институттары мен ел азаматтарының өзара байланысы мен өзара жауапкершілігі әркез мемлекет дамуы деңгейінің белгілі бір индикаторы болып келеді. Мемлекеттік органдар мен қоғам және азаматтық институттар арасындағы өзара қарым-қатынас құқын қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан дәстүрлі «дат» институтының конституциялық бекітілуінің заманауи көрінісі деп айтуға әбден болады. Осы орайда, Мемлекет басшысының атына қазақстандықтардан күн сайын көптеген хат-хабарлар келіп түсіп жатады. Біреулері Президентке ризашылықтарын білдірсе, келесі біреулері өмірлік маңызы зор мәселесін шешуде соңғы инстанция ретінде қайырылады.
Бизнес • 30 Қараша, 2017
Отандық бизнестің бағыт-бағдары мен оң-солы бағамдалды
Астана қаласында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының кеңейтілген отырысы өтті. Алқалы жиынға Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев және Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, Үкімет, орталық мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.
Қазақстан • 30 Қараша, 2017
Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының таныстырылымы өтті. «Жасылдандыру» бастамашылары еліміздегі барлық экологиялық ұйымдардың басын біріктіріп, қоршаған ортаның ахуалы жайында қазақстандықтарға ақпарат беріп, экологиялық білімді арттыруды бірлесіп қолға алатындығы айтылды.
Қазақстан • 30 Қараша, 2017
«Баянды бақ» – бауырмалдық бастауы
Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры 19-25 қараша күндері аралығында Түркияға өнер сапарымен барып, көрермен ілтипатына бөленіп қайтты. Түрік ағайындар спектакльді жылы ықыласпен қабылдады.
Қазақстан • 30 Қараша, 2017
Ыстанбұлға келген саяхатшылардың Босфорға бір соқпай кетуі мүмкін емес. Себебі ол – дүние жүзіндегі ең әдемі бұғаздардың бірі.