Президент • 23 Қараша, 2018
Президент • 23 Қараша, 2018
Қырық ғасырлық ұрпақ сабақтастығы бар
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ел газеті «Егемен Қазақстанда» жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқып шығып, жазбаның идеялық мазмұнын болашаққа жаңа бағыт сілтеп, тың бағдарлама ұсынған аса құнды дүние деп түсіндік. Әсіресе халқымыздың көне тарихына қатысты тыңнан көтерілген ұғым-түсініктер – ұлт тарихының жаңа кезеңін айқындауға бағыт сілтеп тұр. Яғни, қазақ халқының этномәдени көнелігіне мән беру дегеніміз – сол халықтың түп-тамырына үңілу.
El Prezıdentiniń «Uly Dalanyń jeti qyry» atty maqalasynda qobyz, dombyra, sybyzǵy, sazsyrnaı jáne basqa da dástúrli mýzykalyq aspaptarmen oryndalatyn mańyzdy týyndylarǵa, halqymyzdyń folklory men áýenderiniń zamanaýı sıfrly formatqa kóshirilýine aıryqsha mán berilip, «Uly dalanyń kóne saryndary» jınaǵyn basyp shyǵarýdy tapsyrýy beker bolmasa kerek-ti. Sonymen qatar aýyzsha jáne mýzykalyq dástúrdi jańǵyrtý qazirgi zamanǵy aýdıtorıaǵa jaqyn ári túsinikti formatta bolýy, bul jobalardy júzege asyrý úshin otandyq jáne sheteldik kásibı bilikti mamandardy tartý sıaqty jaıttardyń aıryqsha atalýy sala mamandaryna úlken jaýapkershilik júkteri anyq.
Аймақтар • 23 Қараша, 2018
Оңтүстіктен – Солтүстікке қоныстанушылар үшін баспана салынады
Елбасы күн өткен сайын күшейе түскен жаһандық демографиялық теңгерімсіздікті екінші сын-қатерге жатқызып, туудың азаюы және адамзаттың қартаюы көптеген елде еңбек нарығындағы проблемаларға, атап айтқанда, еңбек ресурстарының жетіспеушілігіне әкелетінін, әлеуметтік шиеленістерге соқтыратынын атап көрсеткен болатын. «Қазақстан-2050» даму стратегиясында демографиялық саясат елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жетекші басымдықтар қатарына шығарылуы жағдайдың күрделі екенін айғақтаса керек.
Театр • 23 Қараша, 2018
Мен театрдың төл баласымын - Тілектес Мейрамов
Ол кісі ең әуелі адам, содан кейін актер. «Саф сұлу өнер көңілі бықсық адамнан тумайды» дейді үнемі. Өнердің тегі – тазалық, пірі – талант, өзегі – еңбек екенін өзінің өмір сүру қалыбы, өнерге іңкәр көңілі арқылы қалтқысыз дәлелдеп келе жатқан сахнагер жарты ғасырдан астам саналы ғұмырын қасиетті сахна, текті театр өнеріне бағыштады. Өнердің ұлы сапарына Алматыдағы М.Әуезов театры төрінен Қозы болып қанат қаққан бозбала актер бүгінде қазақ сахнасының кемеңгер Абайына айналып, көрерменіне абыздық биіктен үн қатады. «Адам бойынан адалдықты іздеймін. Барлық қасиеттер содан кейін туындайды» деп жиі қайталайтын әртістің арманшыл асқақ әлемі сол қағидасына ғұмыр бойы қылау түсірмей келеді. Бүгінде 70 жас белесіне шығып, алысқа көз тіккен сұлу ойлы сахнагер, Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамовтың жан сарайын ашып, оқырманымен бөлісер сыры көп.